RU

Қазақстанның қай өңірлерінде карантин жеңілдей бастады

Telegram logo VKontakte logo

5 шілдеден бастап Қазақстан аумағында қатаң карантин шаралары енгізілген болатын. Содан бір ай өткен соң еліміздің кей өңірлерінде біршама шектеулер алына бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

парень в маске
Иллюстративное фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Атап айтқанда, 4 тамызда Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері карантин режиміне бір өзгеріс енгізуді қарастыратын жаңа қаулыға қол қойды.

Соған сәйкес, мәнерлеп сырғанау, хоккей және осы сияқты өзге де спорт түрлерін жабық бөлмелердегі мұз айдынында өткізуге рұқсат берілді. Алайда, санитарлық талаптар мен дезинфекциялау шаралары міндетті түрде сақталуы тиіс.

Бұдан бөлек, Алматы облысында да карантин режимі туралы қаулыға бірнеше өзгеріс енгізілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің Facebook парақшасында мәлім болды.

Осылайша жаңа өзгерістерге сәйкес, 5 тамыздан бастап өңірде құрылыс материалдары, көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектер базарлары ашылады (жабық азық-түлік және азық-түліктік емес базарларды қоспағанда), сондай-ақ жолаушылар тасымалдаушы қалаішілік қоғамдық көліктердің шектеусіз қозғалысына рұқсат беріледі.

Тағы да оқыңыздар

Еліміздің бірнеше өңірінде карантин күшейтілді

Сондай-ақ бірыңғай кесте бекітіліп, елді мекендер ішіндегі бағдарлар бойынша адам тасымалдайтын қоғамдық көлік саны артады.

Сонымен қатар, Ақмола облысы аумағында орналасқан кейбір туристік аймақтарда карантин ішінара жеңілдетілді. Нақты айтқанда, Бурабай мен Зеренді шипажайларының жағажайларында біршама шектеулер алынды. Бұл туралы өңірдің бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Серік Омархановтың сөзіне сілтеме жасаған "Хабар 24" мәлім етті.

Жаңа ережеге сәйкес, туристік аймаққа келушілердің дене қызуы тексеріледі. Олар санитарлық талаптарды сақтауға міндеттеледі. Әр демалушыға 4 шаршы метр аумақ беріледі. Сондай-ақ жағажайларда күнделікті дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі.

Осылайша, Бурабайдағы 10 және Зерендідегі 12 туристік аймақтың қызметіне рұқсат берілді. Әзірге ол жерлерде шомылуға болмайды. Демалыс аймақтарына тек жолдамалары бар адамдар ғана кіре алады.

Тағы да оқыңыздар

Алматы мен Шымкентте карантин кезінде жұмыс істеген сауна әшкере болды

Айта кетейік, соңғы дерекерге сәйкес, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 95 942 адамға жетіп отыр.

Ал соңғы тәулікте тағы 34 адам коронавирустан және 16 адам пневмониядан қайтыс болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қазақстанның қай өңірлерінде карантин жеңілдей бастады