Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ninety One" тобының бір әншісі топтан шығып кетті

Опубликовано:

Ninety One
Фото: Instagram/ninetyone

Отандық шоу-бизнесте өзіндік орны бар "Ninety One" енді бестік емес. Бүгін A.Z лақап атымен танылған атышулы ұжымның көшбасшысы Азамат Зенкаевтың топтан кеткені хабарланды. Бұл ақпаратты JUZ Entertainment толығымен растап, жас әншіге сәттілік тіледі деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерболат Беделхан негізін қалаған продюсерлік компания әртіспен арадағы мәселеге байланысты келісім-шартты тоқтатуға мәжбүр болғанын мәлімдеді. JUZ Enertainment топ мүшесімен қош айтысуының нақты себебін айтқан жоқ.

"Жоспарланған қуанышты жаңалықтарға толы жылда, Ninety One тобы, өкінішке орай, бірқатар жағдайларға байланысты, топ мүшесі AZ-мен келісім-шартты тоқтатуға мәжбүр болды. JUZ Entertainment көңілсіздік көлеңкелеген жайтпен бөліскелі тұрғаны үшін шын жүректен кешірім сұрайды. Компания мен топ мүшелерінің келіссөз жүргізуі барысында, екі жақ тараптарының келісімімен келісім-шарт төртінші тамызда заңды тұрғыда тоқтатылды" , - деп жазылды Instagram желісіндегі хабарламада.

Алайда, "Ninety One" топ құрамын жаңа әртіспен жаңартуды жаспарламайтын болып шықты. Атышулы ұжым қалған төрт әншімен жұмысты жалғастыра бермек ниетте.

JUZ Entertainment Азамат Зенкаевтың топ құрамынан шығуына қарамастан, онымен достық қарым-қатынас сақтап қалғанын алға тартты.

Компания бес жыл бойы ұжымда өнер көрсеткен әртіске сәттілік тіледі. Оған қоса, JUZ орталығы Азамат Зенкаевқа толық авторлық құқықты қалдырды

Бұл жаңалық барша "Ninety One" жанкүйерлерін аса қатты таңғалдырды. Олар топ мүшесін қимайтындарын жазып, одан қайтып келуін сұрауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1868376-ninety-one-tobyny-bir-nsisi-toptan-sygyp-ketti/

pixel