Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл жердің орны бөлек": Қара шаңырағына барған Қайрат Нұртас бала күнін еске алды

Опубликовано:

Қайрат Нұртас
Фото: Instagram/kair_n

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртас қара шаңырағына барып қайтып, балалық шағын есіне алды. Ата-анасының үйіне ат басын бұрған өнер иесі алған ерекше әсерімен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас Instagram парақшасында қара шаңырағына қалай барып қайтқанын айтып берді. Өнер иесі бұл үй өзі үшін аса ыстық екенін алға тартып, өміріндегі ең қымбат сәттеріне сол баспана куә болғанын жеткізді.

"Қаншама қызықты күндерімнің куәсі болған -Қара Шаңырағым! Бұл жерде Анашымның әр қабырғасын әсемдеп әрлеуі ,Әкешімнің қара домбырамен шырқаған әндері,екеуінің адал еңбегі қалды ! "Қара шаңырақтың орыны қашанда бөлек болады"- дегенді естуші едім. Сонда аса мән бере бермейміз ғой... Десе де жасыңа жас қосылған сайын түсіне береді екенсің. Бүгін осы жерге келіп , көп қызықты сәттер есіме түсіп отырғаны...
Қараша жұртты көргенде Көкейге көп ой түйесің Қара шаңыраққа келгенде Қара басыңды иесің Он зәулім үйде тұрсаңда Он жерде билік құрсаңда Ұмытпау керек бауырым Қара шаңырақтың киесін" , - деп жазды Қайрат Нұртас.

Еске сала кетейік, Қайрат Нұртас бұған дейін әйеліне қалай еркелейтіні белгілі болды. Бұл туралы Жұлдыз Әбдікәрімова айтып қойды.

Ол Қайрат Нұртастың дәл ұйықтар алдында маза бермейтін әдеті бар екенін жеткізді. Әнші әйелін төсекке жатқызбай, жұмсай беретін көрінеді.

Оған қоса, Қайрат Нұртастың жары өзінің он жылдай халықтан жасырынып жүрген кезіне қатысты бар шындықты айтты. Жұлдыз Әбдікәрімова ол көпшілік ойлағандай азапқа толы уақыт емес, керісінше нағыз ғажап күндер болғанын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1868395-bl-zerdi-orny-blek-kara-sayragyna-bargan-kajrat-nrtas-bala-knin-eske-aldy/

pixel