RU

Алматы облысында жанармай құю бекетінде жарылыс болды (видео)

Telegram logo VKontakte logo

Алматы облысындағы Есік қаласында жанармай бекетінде жарылыс болды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы өңірдің төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Жанармай бекетіндегі өрт
Фото: Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті

Ведомство мәліметінше, Еңбекшіқазақ ауданында бүгін сағат 10:15-те "Alem Oil" жанармай құю бекетінде жол апаты орын алған. Белгілі болғандай, Land Cruiser Prado маркалы көлігі көлік газ резервуарын соққан. Соның салдарынан төрт текше метрлік қондырғы бұзылып, ішінен газ бөлініп, артынан жарылыс болған.

Оқиға орнында Land Cruiser Prado мен Hyundai Tucson транспорттары қызыл жалынға оранды. Жанармай бекетінің айналасындағы құрғақ шөп те жанған. Сағат 10:52-де мамандар өртті сөндірді.

"Land Cruiser Prado көлігінің 72 жастағы жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Оның денесінің 90 пайызын күйік шалған, жағдайы ауыр. Ал жанар-жағармай құю бекетінің 30 жастағы операторы кеудесін ауыртып алды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді", - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Тағы да оқыңыздар

Шымкентте ер адам супермаркеттен 5 келі ет ұрламақ болған

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жол апатынан еркін күрестің палуандары Жақсыбек Карабалаев, Iльяс Жұмай, Жанбота Байбазардың қаза тапқанын хабарлаған едік.

Ал спортшы Нұрдәулет Зауытбек пен Шыңғысхан Мұхаметқалиев жантүршігерлік апаттан ауыр жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген.

Жол апатына түскен шетелдік көлікті 21 жастағы алматылық азамат басқарған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Алматы облысында жанармай құю бекетінде жарылыс болды (видео)