RU

Шымкенттегі қонақ үйлердің бірінде карантин уақытында мерекелік шара өткен

Telegram logo VKontakte logo

Шымкент тұрғындары карантин кезінде жұмысын жалғастырған қонақ үйге шағымданды. Жергілікті халық аталған нысанға арнайы құқыққорғау қызметкерлерін шақыртқан. Олардың айтуынша, қонақ үйде жиналатын жұртшылық ішімдік ішіп, қатты шулайды деп жазады KAZ.NUR.KZ Polisia.kz ІІМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Шымкенттегі қонақүй
Фото: polisia.kz

Полицейлер "Мудрая сова" қонақ үйіне төртінші тамыз күні арнайы рейд жасады. Жергілікті тұрғындардың шақыртуымен оқиға орнына келген тексеруші топ ол жерде көңіл көтеріп отырған бір топ қыз-жігіттердің үстінен түскен. Олар ішімдік қолданып, айқайлап қонақ үйдің жанында тұратын адамдардың тыныштығын бұзған.

"Бұл жерде үнемі жастар көңіл көтереді. Көп жағдайда олар мас күйде жүреді. Біз мұндай адамдардан нені күтуге болатынын білмегендіктен қатты алаңдаймыз. Олар тыныштықты бұзып, бізге ұйқы бермейді. Бұған шыдау мүмкін емес" , - деді тұрғындар.

Олар қонақ үй иесіне бірнеше мәрте шағымданғанымен, ешқандай нәтиже болмаған.

"Қалағандарын жасайды. Қонақ үй иесінің өзіне де неше рет айттық. Меймандары қатты шулайтынын айттық. Бірақ, оған бәрібір. Кейін бізге қоқан-лоққы көрсете бастады" , - деді жергілікті халық.

Тағы да оқыңыздар

Нұр-Сұлтанда жасөспірімдер арасында жаппай төбелес орын алды (видео)

"Мудрая сова" қонақ үйінде болған адамдардың барлығын полиция бөліміне алып кетті. Тәртіп сақшылары карантин бұзған жастар жауапқа тартылатынын айтты. Олардың барлығына әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған материалдар осы бағыттағы істермен айналысатын басқармаға жіберілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордада карантин талаптарын бұзған бірқатар мекеме анықталған болатын. Шектеу шаралары аясында бекітілген ережелерді ескермегендер жалпы сомасы 27 377 790 теңге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Шымкенттегі қонақ үйлердің бірінде карантин уақытында мерекелік шара өткен