RU

Алматы өңірінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесіне кенеттен тексеріс жүргізілді

Қорғаныс
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР ҚК Бас штабының арнайы тағайындалған комиссиясы ӘШҚҚ әскерлері бөлімдері мен бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігін және әуе кеңістігін қорғау бойынша жауынгерлік кезекшілікті атқару сапасын тексерді.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың нұсқауы бойынша әуе шабуылына қарсы қорғаныстың тұрақты жауынгерлік әзірлігі бөлімдерін тексеру мақсатында кенеттен шабуыл жасау факторын пайдалана отырып, әртүрлі әуеайлақтардан майдан авиациясының ұшақтары көтерілді, сонымен бірге ұрысқа барынша жақын жағдай жасау үшін әуе кеңістігін бұзған шартты қарсыластың көңілін аулаған ұрмалы және барлаушы ұшқышсыз ұшу аппараттары бірмезетте іске қосылды.

ӘШҚҚ әскерлерінің Бас командалық пунктінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің кезекші күштері мен құралдарының іс-қимылын Министрдің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов бақылап отырды.

Тексерудің мәні бойынша әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің кезекші күштері әуе нысындарын анықтап, оларды әуе кеңістігін бұзушы ретінде, зениттік зымыран бөлімшелерінің есептерімен (шартты түрде) жоюға тиіс.

Алматы өңірлік гарнизонының ӘШҚҚ әскерлері бөлімдерінің кезекші құралдарымен анықтау және алып жүру алгоритмін орындай отырып, нақты уақыт режимінде шартты әуе қарсыласының ұшу аппараттары (шартты түрде) жойылды. Оқу-жауынгерлік міндет орындалды.

Сонымен қатар, комиссия шағын мөлшерлі мақсаттарды, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын ұстау және жою бойынша объектілердің әуе шабуылына қарсы қорғанысын ұйымдастырудағы жекелеген кемшіліктерді анықтады. Тексеру нәтижелері бойынша есептер мен экипаждардың іс-қимылдарына неғұрлым егжей-тегжейлі талдау жүргізіледі және ӘШҚҚ жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар кешені әзірленеді.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің сақталуын үздіксіз бақылауын жүзеге асыра отырып, тәулік бойы жауынгерлік кезекшілік атқаратынын айта кету қажет.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1868469-almaty-irini-ue-sabuylyna-karsy-korganys-zjesine-kenetten-tekseris-zrgizildi.html