RU

Қазақстанда өткен тәулікте пневмониядан 18 адам көз жұмған

дәрігер
Көрнекі фото: pixabay.com

6 тамызда Қазақстанда коронавируc инфекцияcың белгілері бар вирустық пневмония диагнозы қойылған 18 адам қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы сoronavirus2020 сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау минитрлігінің мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте пневмониямен ауырған 1424 адам тіркелген.

Науқастардың барлығында коронавирустың белгілері мен клиникалық көріністері болған, алайда COVID-19-ды анықтайтын ПТР тест теріс нәтиже көрсеткен.

Осындай диагнозбен кеше 18 адам көз жұмған.

Тамыз айының басынан бері коронавирус белгілері бар пневмония елімізде 11 008 адамнан анықталып, оның 120-сы қайтыс болған.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігі COVID-19-ға қатысты әр тәуліктегі ақпаратты күн сайын жариялап отыратынын, барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылатынын жеткізді.

Ал аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты ведомствоның ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайтыны айтылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті микробиология, вирусология және жалпы иммунология кафедрасының профессоры коронавирус инфекциясының белгілері жоқ тасушылардың қандай қауіп тудыратынын айтқан еді.

Сонымен қатар, Раушан Тьесова-Бердалина коронавирустың ауыр түрін қалай анықтауға болатынын мәлім еткен болатын.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1868501-tken-tulikte-kvi-men-pnevmoniadan-18-adam-kz-zmdy.html