RU

Отандық дәрігер: Коронавирус жұқтырған науқас 2-3 айдан соң қайта ауыруы мүмкін

Telegram logo VKontakte logo

Астана медициналық университетінің доценті, Нұр-Сұлтан қалалық модульдік жұқпалы аурулар орталығы бас дәрігерінің орынбасары міндетін атқарушы Зәуреш Смағұлова COVID-19 жұқтырған адамдар екі-үш айдан кейін қайта ауыруы мүмкін екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Зауреш

Фото: Facebook/Зауреш Смагулова

Зәуреш Смағұлова Түркістан басылымына берген сұқбатында коронавируспен ауыр­ған адамда иммунитет тұрақты бол­май­тынын атап өтті.

Ал жеңіл түрде өткен аурудан кейін де кей­бір науқастарда антиденелер мүлдем түзілмейтінін айтады.

"Мысалы, басқа инфекциялар ке­зінде 5-7 күннен бастап антиденелердің түзілуі басталады және екінші аптаның соңына дейін антиденелердің саны белгілі бір деңгейге дейін жетеді. Ал коронавирус ке­зінде антиденелердің түзілу мерзімі ұзағырақ болады және науқастардың көбінде үшінші аптадан кейін ғана түзілу басталады.
Аурудан соң бізді қорғайтын антиденелер саны аздау және деңгейі жоғары болмауы мүмкін. Ал ең маңыздысы – антиденелердің ұзақ сақталмауы. Шетелдік ғылыми зерт­теулер нәтижесі иммунитет 2-3 ай аралы­ғына дейін ғана болады деп көрсетіп отыр. Яғни, коронавирус жұқтырған науқас 2-3 айдан соң қайтадан ауыруы мүмкін", - дейді маман.
ПТР сынама

Тағы да оқыңыздар

Коронавирустың ауыр немесе жеңіл түрін қалай ажыратуға болады

Зәуреш Смағұлова дерттен тезірек құтылудың жолдарын да тоқталды.

"Біріншіден вирустың жаппай таралуы­на жол бермеу керек. Бәріміз вирустың қа­лай жұғатынын, жұқпаның жұқтырушы көзі кім екенін білеміз. Ауру жұқтырған адам­ды дереу оқшаулау арқылы оның бе­рілу механизмі мен таралу жолдарын үзе­міз. Ауа тамшылары арқылы жұғатын вирустан бетперде кию арқылы санитарлық ги­гиена сақтаймыз.

Ал тұрмыстық контакт арқылы бері­ле­тін жолын қолды жуу, бетті ұстамау арқылы тоқтатамыз. Эпидемиологиялық тұрғыдан тек осылай жеңе аламыз. Ал карантин жағдайын енгізу өте орынды болды және мұн­дай шараның нәтижесі өте жоғары болады.

Сонымен қатар халықаралық тасымал жолдарын да әзірше шектей тұрған жөн, өйт­кені басқа елдерден вирустың жаңа штам­мы келуі мүмкін. Осыған да жол бер­месек, өте жақсы болар еді", - деді ол.

Коронавирус вакцинасы

Тағы да оқыңыздар

Ғалымдар COVID-19-ға қарсы спрей түріндегі вакцина шығарды

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 96 922-ге жетті.

Өткен тәулікте тағы 30 адам коронавирустан 18 адам коронавирус белгісі бар пневмониядан көз жұмған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Отандық дәрігер: Коронавирус жұқтырған науқас 2-3 айдан соң қайта ауыруы мүмкін