Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

30 жастағыдай көрінетін 60-тағы әйел сұлулығының құпиясымен бөлісті

Опубликовано:

Анасы мен қызы
Фото: instagram.com/cherhubsher

АҚШ-та тұратын 60 жастағы Доун Хаббер өз жасынан әлдеқайда жас көрінеді. Көпшілік оны тіпті Шер есімді 30 жастағы қызының сыңары деп атап кеткен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап жазады.

Анасы мен қызы өздерінің ұқсастықтарын мақтан тұтады және үнемі бірдей киінуге тырысады. Олар тіпті, ортақ 75 000 оқырманы бар Instagram парақша ашқан.

"Кезінде менімен жүрген жігіттердің барлығы әрқашан: "Мен 30 жылдан кейін сенің қандай болатыныңды білемін" деп айтатын", - дейді Доун.

Шердің сөзінше, жұрт оны анасымен жиі шатастырып алады екен.

"Адамдар үнемі екеуімізді әпкелі-сіңлі деп ойлайды. Бір күні анамның досы оны мен деп ойлап, оған әңгіме айтып тұрыпты", - дейді Шер.

Ал Доун өзінің бүгінгі таңға дейін жас әрі тартымды болып көрінуі тікелей қызымен байланысты екенін айтады.

"Қызым маған сән әлеміндегі жаңалықтарды біліп отыруға көмектеседі. Біздің киіміміздің өлшемі де бірдей. Сол себепті киім ауыстырып кигенді ұнатамыз", - дейді әйел адам.

Сондай-ақ, Доун спортпен айналысып, терісіне күтім жасап, дұрыс тамақтанып, сұлулығын сақтауға тырысатынын атап өтті.

Айтуынша, жаттығулар оның жас көрінуінің бірден бір себепшісі екен.

"Адамның жасы - бұл тек сандар көрсеткіші. Ең бастысы - өзіңді жақсы сезініп, позитивті болу", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бір-бірінен аумай қалған анасы мен қызының бір күнде оқу бітіргенін жазған едік.

Сондай-ақ, жас қызға ұқсаған 40 жастағы екі баланың анасы сұлулығымен әлем назарын өзіне аударғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1868520-30-zastagydaj-krinetin-60-tagy-jel-slulygyny-kpiasymen-blisti/

pixel