Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дана Нұржігіт Damumed-тегі жалған ем тағайындау мәселесін шешуді талап етті

Опубликовано:

Дана Нұржігіт
Фото: Instagram/dana_nurzhigit

Отандық танымал тележүргізуші әрі сенат депутаты Дана Нұржігіт денсаулық сақтау жүйесіндегі жалған ем тағайындау оқиғаларына қатысты пікір білдірді. Ол бұл күрделі мәселені тез арада шешіп, оған кінәлілерді жазалауды талап етті. Ақпарат өкілі денсаулық сақтау министрлігі мен бас прокуратураға үндеу жолдады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дана Нұржігіт денсаулық сақтау жүйесіндегі олқылықтарға қатысты жазбасын өзінің Instagram парақшасында жариялады. Сенат депутаты медициналық сақтандыру қоры бір ғана жарты жылдықтың ішінде соммасы 75,5 млн теңгені құраған 11 607 жалған ем тағайындау оқиғаларын анықтағанын еске салып өтті.

Ақпарат өкілі бұл мәселеде кінәлілерді анықтап, жазалап қана қоймай, сондай-ақ, жүйелі түрде кешенді шараларды қолға алу қажет екенін алға тартты. Оның ойынша, Менің ойымша, бұл жағдайда жауапкершілікті қарапайым дәрігерлерге ғана артудың қажеті жоқ. Дана Нұржігіт пандемия кезінде олардың ерен еңбегіне бәрі де куә болғанын жеткізді.

Сенат депутаты уәкілетті органнан мұндай жағдайларды бұдан әрі болдырмау және толығымен жою мәселеріне қатысты нақты ұсыныстар күтетінін мәлімдеді.

Оған қоса, ол өзінің депутаттық мандатын пайдалана отырып, Бас прокуратура мен денсаулық сақтау министрлігіне ресми сауал жолдайтынын хабарлады.

Дана Нұржігіт Бас прокуратурадан жоғарыда аталған заң бұзушылықтарды анықтап, көрсетілмеген медициналық қызметтер үшін төленген қаражатты қайтару және кінәлілерді жауапкершілікке тарту бойынша прокурорлық ден қою шараларын қабылдауды талап етті.

Ал денсаулық сақтау министрлігінен жалған тіркеу мүмкіндігін болдырмау арқылы медициналық қызмет үшін төлем жүйелерін одан әрі жетілдіруді, ведомстволық және науқастар тарапынан қадағалау құқығын күшейтуді, Қордың және өзге де медициналық ұйымдардың толықтай қаржылық ашықтығын қамтамасыз етуді талап етті.

Айта кетейік, соңғы уақытта қазақстандықтар Damumed қосымшасындағы карталарында жалған ем тағайындау оқиғаларын таба бастаған. Біреулерде бармаған дәрігерлерге жүгінгені жазылса, енді біріне шын мәнінде жоқ диагноз бен оталар тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868540-755-mln-tege-dana-nrzigit-damumed-tegi-zalgan-em-tagajyndau-mselesin-sesudi-talap-etti/

pixel