Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Достықты сақтау қиын": Түсіпбаева құрбыларын неге ренжітіп алатынын айтты

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Қазақ эстрадасының жұлдызы Меруерт Түсіпбаева мінезі ауыр болғандықтан көп жағдайда достықты сақтап қалу оған қиын берілетінін мойындады. Әр ой-пікірін еш бүкпесіз бетке айтатын өнер иесі сол үшін құрбыларын жиі ренжітіп алатынын айтты. Әншінің шоу-бизнес саласында да жақын араласатын достары санаулы болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева HitTv арнасына берген сұхбатында өзіне достықты сақтап қалу аса қиын екенін ашып айтты. Эстрада жұлдызы оған тік мінезділігі бірден-бір себеп екенін түсіндірді. Әнші ойындағысын жасырмай айтып үйренгендіктен кейде құрбыларын да ренжітіп алатынын жасырмады.

Оған қоса, Түсіпбаева өнердегі жақын достарын тізіп шықты. Бұл тізімге көпшілік ойлағандай бір топ әншілер емес, санаулы ғана жұлдыздар кірген.

"Өнер жолында жақын досым белгілі дизайнер Ьерік Ысмайылов болды. Жақында ол өмірден өтті. Иманды болсын. Ол кісімен өте жақсы дос болдық. Сырымызды да айтатынбыз. Продюсер Толқын Сейдоллақызы бар. Ол кісімен де доспын, жақын араласамыз. Өнердегі әпкем Майра Ілиясова сол кісімен күнде сөйлесеміз. Негізі көп адамдармен аманымыз түзу. Достықты сақтау деген өте қиын. Негізі менің мінезім өзі тік. Содан кейін кейде достырымдыренжітіп алатыным бар. Мінезім бар. Шынайы достық, әр уақытта өз-өзіңмен жұмыс жасау" , - деді ол.

Еске сала кетейік, әнші Меруерт Түсіпбаева бұған дейін марқұм досы, белгілі дизайнер Берік Ысмайыловты есіне алып, оған жантебірентерлік жазбасын арнады. Шоу-бизнес жұлдызы жақын адамының қазасын аса ауыр қабылдаған.

Өнер иесінің сұхбатының үзіндісі Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1868560-dostykty-saktau-kiyn-tsipbaeva-krbylaryn-nege-renzitip-alatynyn-ajtty/

pixel