RU

"Ол кезде 135 келі болдым": Есқалиев Ксения Собчакпен түскен суретіне пікір білдірді

Telegram logo VKontakte logo

"СҚ-Фармацияның" жақында ғана тағайындалған басшысы Ерхат Есқалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында Ксения Собчакпен бірге түскен суретіне қатысты пікір білдірді. Аталмыш фото осы жылдың сәуір айында оның Instagram парақшасында жарияланған болатын. Алайда, Исқалиев жаңа қызметіне тағайындалғаннан кейін парақшасын толығымен өшіріп тастады деп жазаы KAZ.NUR.KZ.

Ерхат Исқалиев Ксения Собчакпен бірге

Фото: Instagram/erhatman

«СҚ-Фармация» басшысы танымал ресейлік тележүргізушімен түскен суретті өзі түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, келіншегі екеуі мерекелік шарада белгілі тұлғамен естелікке фото жасауды жөн көрген.

Исқалиев аталмыш сурет осы жылдың сәуір айында Қазақстанда ТЖ режимі енгізілген кезде емес, жеті жыл бұрын жасалғанын айтты. Оған шенеунік өзінің сыртқы келбеті дәлел болмақ екенін алға тартты. Қазіргі таңда Есқалиевтың салмағы отыз келіге аз.

"Жеті жыл бұрын жасалған сурет қой. Ол кезде мен 135 келі болғанмын. Қазір 105 келі болып қалдым. Себебі, өткен жылы мен аса ауыр ота жасаттым" , - деді ол.

Алайда, "СҚ-Фармация" басшысы Ксения Собчакпен түскен фотосын не себепті карантин уақытында салып, артынан Instagram парақшасын толық өшіріп тастағанын түсіндірмеді.

Тағы да оқыңыздар

Таймерденов Алматыда полицейлер неше жалақы алатынын айтты

Айта кетейік, Ерхат Есқалиев премьер-министрдің бұйрығымен"СҚ-Фармация" басшысы болып 12 шілде күні тағайындалды.

Мемлекет басшысы бұған дейін компания жұмысына күдік келтірген болатын.

"СҚ-Фармация" ел арасында тарап кеткен түрлі қауесеттерге байланысты туыстық қатынастар жайлы қауесетке жауап беріп, компания өкілдері компанияның басқарма төрағасы мен бақылау кеңесі хатшысының үлестес екені туралы деректерді жоққа шығарды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Ол кезде 135 келі болдым": Есқалиев Ксения Собчакпен түскен суретіне пікір білдірді