RU

«Қазақтелеком» басшысы абоненттермен қайта байланысқа шығады

Telegram logo VKontakte logo

Еліміздің ең ірі телебайланыс операторы «Қазақтелекомның» Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев биыл екінші рет Nur.kz ресурсында интернет-конференциясын өткізеді және 7 тамыздан 4 қыркүйекке дейін компания клиенттерінің барлық сұрақтарына жауап беруге дайын.

Есекеев

Қуанышбек Есекеев. Фото: «Қазақтелеком» АҚ

«Қазақтелеком» басшысы абоненттермен кері байланысты қамтамасыз ету үшін интернет-конференция форматын жүйелі түрде қолданады, бірақ осы жылы бұл формат бірқатар себептерге байланысты ерекше мәнге ие болды. Біріншіден, көктемде республиканың елді мекендерінде болған төтенше жағдай және карантин жағдайларында сапалы байланыс аса маңызды болды.

2020 жылдың наурыз-мамыр айларында еліміздің барлық тұрғындары интернетте «өмір сүріп», жұмыс жасады, және телебайланыс операторының бірінші басшысы өткізген интернет-конференция оған өз мәселелерін нақты шешуге мүмкіндік берді.

Ал, екіншіден, осы формат ұзақ жылдар бойы клиентке бағытталған компания ретінде дамып келе жатқан «Қазақтелекомның» өзі үшін де маңызды. Сондықтан келіп түскен сұрақтар, ұсыныстар және сыни ескертпелер негізінде өз қызметіне толық түзетулер жасау үшін кері байланыс өте қажет.

кеңсе1

Тағы да оқыңыздар

Қазақстанда бір ай ішінде жаңа министрлік құрылмақ

Осы жылдың сәуір айында өткен бірінші онлайн-конференция компания үшін де, абоненттер үшін де жақсы нәтижелер берді, себебі соның барысында мыңнан астам сұрақтар қойылды, олардың әрқайсысына жан-жақты және толық қамтылған жауаптар берілді, ал Есекеевпен жүргізілген тікелей тілдесу барысында қолданушылар көтерген барлық мәселелер компанияның мамандарымен бақылауға алынды.

Енді «Қазақтелеком» АҚ осылай өз клиенттерімен тікелей тілдесу тәжірибесін жалғастыруды көздеп отыр, және екі апта ішінде, 7-19 тамыз аралығында еліміздің ең ірі телебайланыс операторының басқарма төрағасы Nur.kz порталында қайта байланысқа шығады. Компанияның клиенттері болып табылатын жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ қызметтерін пайдалануды қалаушылар да сұрақтар қоя алады. Бұл үшін кері байланыс нысанын толтыру жеткілікті.

Мектеп

Тағы да оқыңыздар

Оқушылар 7 қыркүйектен бастап мектепке бара ма: Министрлік жауап берді

«Құрметті интернет, ұялы және тіркелген телефония және біздің компанияның өзге де қызметтерін пайдаланушылар, біз сіздермен тағы да еліміздің ең танымал интернет-ресурстарының бірінің алаңында кездесеміз, өйткені сервистік компания ретінде біз үшін телебайланыстың барлық сегменттерінде өз қызметін жүзеге асыратын адамдардан «кері байланыс» алу маңызды, – дейді Қуанышбек Есекеев. – Бұл форматтың біз үшін құндылығы – барлық туындаған мәселелер туралы ақпарат алу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар осы деректерді жүйелеу және қызметімізді кейіннен мәселе туындамайтындай етіп құру мүмкіндігі болып табылады. Осыдан басқа, қазіргі жағдайда байланыс кәсіпорындар үшін ғана емес, елдің әрбір тұрғыны үшін бірінші қажеттілікке айналды, сондықтан сіздің әрбір пікіріңіз бүкіл абоненттік базамызды телебайланыс қызметтерімен сапалы және сенімді қамтамасыз ету үшін құраған жүйеміздің негізін құрайды. Сәуір конференциясының тәжірибесі оның қатысушылары көтерген бірде-бір мәселе біздің тарапымыздан жауапсыз қалмағанын айғақтайды және мен барлық қазақстандықтарды қайта тікелей тілдесуге белсенді түрде қатысуға шақырамын, себебі бізге әрбір клиенттің пікірі маңызды», - деп қосты ол.

Онлайн сабақтар

Тағы да оқыңыздар

"Күлейін бе, жылайын ба": Елордада онлайн сабақта оқушыларға порно көрсетілген

Айта кетейік, сәуір айында өткен конференцияда «Қазақтелеком» басшысына жолданған мыңнан астам сұрақтардың үштен бірі компанияның клиенті болуды қалайтын және тиісті шарттар жасасудың мүмкіндіктері мен жағдайларын түсіндіруді сұраушылардан келіп түсті. Қызмет көрсету сапасына қатысты сұрақтар сұраныстардың тек 10%-ында құрады, бұл клиенттердің компания жұмысының сапасына қанағаттанушылық деңгейінің жоғары екендігін көрсетті. Осыған қарамастан, компания өз абоненттерінің жүз пайыздық қанағаттануын көздейді, сондықтан олардың тілектері мен ескертулерін қайта жинауға дайын», - деді «Қазақтелеком» АҚ басқарма басшысы.

Сіз "Қазақтелеком" мамандарымен келесі нөмірлер арқылы хабарласа аласыз:  

Сұрақтар бойынша кеңестер- 160:

  • Дс-Жс: 09: 00-21:00
  • Ұялы тел. қоңырау ақылы

Қызметтің дұрыс жұмыс істемеуі бойынша сұрақтар - 165:

  • Дс-Жм: 08: 00-21:00
  • Сн-Жс: 09: 00-20:00
  • Мейрам күндері : 09: 00-20:00
  • Ұялы тел. қоңырау ақылы
Мәулен Әшімбаев

Тағы да оқыңыздар

Әшімбаев мемлекеттік басқарудағы олқы тұстар сын сағатта белгілі болғанын мәлімдеді

Баланс бойынша сұрақтар - 195:

  • Тәулік бойы
  • Ұялы тел.қоңырау ақылы

Анықтама: Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы

Білімі

1996 жылы әл-Фараби Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдады. Ол – математика ғылымдарының кандидаты.

Өмірбаяны

«Қазақойл» ЖАҚ, «Қазақстан темір жолы» РММ ақпараттық технологиялар бөлімін басқарды.

ҚР Қаржы және экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктеріндегі бөлімнің директоры қызметін атқара отырып, ақпараттандыру сұрақтары бойынша жетекшілік етті.

Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының орынбасары ретінде тағайындалды.

ҚР АБА Төрағасының міндетін атқарды.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Төрағасы болды.

2010 жылдан бастап – «Қазақтелеком» АҚ Төрағасы. Оның тікелей қатысуымен компанияны жаһандық қайта құру процесі басталды, акционерлердің құнын арттыру мақсатында компанияның ұйымдық құрылымы өзгертілді. Жұмыс кешенді түрде жүргізіледі және адам-процестер-технологиялар секілді терең процестерді қамтиды.

коронавирус тест

Тағы да оқыңыздар

Жандарбек Бекшин: Коронавируспен өмір сүруге тура келеді

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
«Қазақтелеком» басшысы абоненттермен қайта байланысқа шығады