RU

Арыста үйлерді жөндеуге бөлінген 50 миллион теңгенің ұрлығы тергелуде

Telegram logo VKontakte logo

Онлайн брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Арыстағы ондаған миллион теңгенің жымқырылуына қатысты тергеу жариялады - ақша әскери бөлімде жарылыс кезінде бұзылған 50-ге жуық тұрғын үйді қалпына келтіруге кетуі керек еді деп жазды KAZ.NUR.KZ.

Ақшалай

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді. Оның ақпаратынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Арыста 50 миллион теңгенің жымқырылуын тексеріп жатыр.

БҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасарының күдігі бойынша, тергеу Арыс қаласындағы 46 тұрғын үйді қалпына келтіруге бөлінген 50 миллион теңге мақсатты түрде пайдаланылмаған деген болжамда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің нұсқасына сәйкес, алты ай ішінде, 2019 жылдың тамызынан желтоқсанына дейін ондаған миллиондар ұрланған.

Естеріңізге сала кетейік, 24 маусым күні Арыс қаласындағы әскери қоймада жарылыс орын алды. Зәресі ұшқан тұрғындар қаланы тастап кетуге мәжбүр болды.

Арыстағы жарылыстан кейін үйі қираған көпбалалы ана жанайқайын жеткізген еді.

Жеті баланың анасы Дина Әйтімбетова ауласындағы жарылыстан зардап шеккен екінші үйін несие алып жөндеткенін, кеткен шығынның орнын толтыруда әкімдік тарапы құлықсыздық танытып отырғанын айтқан.

Кайрат Ахметов

Тағы да оқыңыздар

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов отставкаға кетуі мүмкін

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бүгінгі онлайн брифингте Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов отставкаға кетуі мүмкін екенін мәлімдеді. Мұндай шешім сотта оның бұрынғы орынбасарының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысты кінәсі дәлелденсе ғана қабылданады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Арыста үйлерді жөндеуге бөлінген 50 миллион теңгенің ұрлығы тергелуде