RU

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов отставкаға кетуі мүмкін

Telegram logo VKontakte logo

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет онлайн брифингте Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов отставкаға кетуі мүмкін екенін мәлімдеді. Мұндай шешім сотта оның бұрынғы орынбасарының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысты кінәсі дәлелденсе ғана қабылданады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кайрат Ахметов

Фото: instagram.com/akhmetov_ka

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, агенттік қоластындағы тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қатысы болған жағдайда басшының орнынан кетуі туралы заңның орындалуын қамтамасыз етуді қадағалап отыр.

2020 жылдың өткен айларында агенттік тарапынан аталған фактілер бойынша әртүрлі мемлекеттік органдарға енгізілген өзгерісінен кейін 150-ден астам қызметкер қызметінен босатылды, 140-тан астам адамға сөгіс жарияланды.

Жемқорлыққа қарсы қызмет Қостанай облысында жергілікті әкімдікте тергеу жүргізіп жатыр. Қызметкерлер өз лауазымын асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Тергеу олардың рұқсат етілмеген жер учаскесінде заңсыз түрде дүкен салуға рұқсат берген деп болжайды. Шілде айында Финк есімді қала әкімінің орынбасары қызметінен босатылғаны белгілі болды. Қазір ол тергеліп жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі егер сотта орынбасардың кінәлі дәлелденсе, сот шешімі жарияланғаннан кейінгі 10 күн ішінде қала әкімі Ахметов отставкаға кетуге мәжбүр болатынын, себебі ол күдіктінің тікелей басшысы екенін хабарлады.

Дана Нұржігіт

Тағы да оқыңыздар

Дана Нұржігіт Damumed-тегі жалған ем тағайындау мәселесін шешуді талап етті

Еске сала кетсек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 7,4 млн медициналық масканы заңсыз сату фактісі бойынша, сондай-ақ, өкпені жасанды желдету аппараттарын жоғары бағамен сатып алу кезінде бюджет қаражатын жымқырған Қостанай және Қызылорда облыстары денсаулық сақтау органдарының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істерді тергеп жатқаны туралы жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов отставкаға кетуі мүмкін