RU

Қызылорда облысының экс-әкімінің ісі сотқа жіберілді

Telegram logo VKontakte logo

Онлайн брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысының бұрынғы басшысы Қуанышбек Ысқақовтың ісі сотқа өткізілетінін мәлімдеді. Бұған дейін оған қарсы тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сот1

Көрнекі фото: pixabay.com

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушісі Данияр Биғайдаров бұрынғы әкім мен әкімдіктің басқа да қызметкерлеріне қатысты тергеу аяқталғанын, қылмыстық іс Қызылорда облысының сотына жіберілгенін айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқа ақпарат туралы хабарлаған жоқ.

Еске сала кетейік, 27 наурызда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы бұған дейін Қызылорда облысының әкімі болған Қуанышбек Ысқақовтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Саясаткер Ербол Еділов өзінің Telegram арнасында кейбір дереккөздердің дергіне сүйене отырып, жемқорлықпен күресушілер әкімді ғана емес, оның орынбасарын, сондай-ақ өңір басшысына туыс болып келетін екі кәсіпкерді де ұстағанын жазды.

Айта кету керек, Арыста 50 миллион теңгені ұрлау ісі тергелуде. Бөлінген бюджет қаражаты жергілікті әскери бөлім аумағында жарылыс салдарынан бұзылған үйлерді жөндеуге жұмсалуы керек еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Арыста 50 миллион теңгенің жымқырылуын тексеріп жатыр.

Тойға дайындық

Тағы да оқыңыздар

Екібастұзда бақылау тобы карантин кезінде той өткізбек болғандардың үстінен түсті (видео)

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қызылорда облысының экс-әкімінің ісі сотқа жіберілді