RU

Бекшин: Біз үнемі карантин режимінде өмір сүре алмаймыз

Telegram logo VKontakte logo

Бүгін Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте қазіргі уақытта карантин кезеңінде жабылған ұйымдарға жұмыс істеуге мүмкіндік беру үшін ережелер әзірленіп жатқанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бекшин

Фото: Хабар 24

"Біз үнемі карантин режимінде өмір сүре алмаймыз. Адамдар жалпы өнім өндіріп, барлық қызмет түрлері бойынша жұмыс істеуі мүмкіндігін арттырып, ережелерді әзірлеу жолында жұмыс істеп жатырмыз", – деді санитар дәрігер.

Оның айтуынша, қазір ауруды тезірек әрі сапалы анықтау үшін зертханалардың қуаты артып жатыр.

"Біз зертханалық зерттеулерді ұлғайту бойынша міндеттер қойдық, күніне 9,5 мың сынақ жасай аламыз, қазан айында күніне 19 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. ПТР-мен қатар, әкім тұрғындардың иммунитетін зерттеу міндетін қойды. Ол үшін біз қазір зерттеудің осы түрін тәулігіне 5250-ге дейін қолданып жатырмыз", – деді Бекшин.

Дәрігердің айтуынша, иммуноферменттік талдау диагностикасын жүргізу жағдайды білуге ​​және аурудың динамикасын болжауға көмектеседі.

Карантин 25

Тағы да оқыңыздар

Алматыда үй карантинін бұзғандарға айыппұл салынды

Еске сала кетсек, "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев үйде емдеуге арналған бес жаңа дәрі-дәрмек сатып алу туралы хабарлаған болатын. Бұл мақсаттарға 8,6 млрд теңге жұмсалатыны белгілі болды.

Оның үстіне, денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова медициналық масканың құны бұдан былай неге өзгермейтінін айтты. Осы жылдың ақпан айында бір масканың бағасы 15 теңге болған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Бекшин: Біз үнемі карантин режимінде өмір сүре алмаймыз