RU

Алматыда үй карантинін бұзғандарға айыппұл салынды

Карантин 25
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда үй карантин режимін бұзған ауру белгілері жоқ 15 тасымалдаушыға айыппұл салынды. Оңтүстік астананың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Бүгінде үй карантинін бұзғандар бар. Ауру белгісі жоқ 15 вирус тасымалдаушыға айыппұл салынды. Сондай-ақ, үш алматылық үйінен ауруханаға ауыстырылды. Мұндай шешімге өздері келді", – дейді Жандарбек Бекшин.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, үй карантинінде отыратын адамдар үнемі тексеріледі.

"Күні кеше арнайы топ 200 үйді тексерді, нәтижесінде 23-і үйінен табылған жоқ. Яғни, көшеге шығып кеткен", – дейді Жандарбек Бекшин.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бекшин Алматыдағы карантин режимін жеңілдету туралы пікір білдірген еді.

Сондай-ақ, Алматы қаласының бас санитар дәрігері дезинфекция құралдарының пневмония ауруын қоздырмайтынын айтты.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, адамдар өзін-өзі емдемек болып ауруын асқындырып алады. Кез келген ауруды білікті маман емдегені дұрыс.

Айта кетейік, 6 тамызда тағы 30 қазақстандық коронавирустан көз жұмған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің жаңартылған статистикасында айтылған .

ОКҚ-да Денсаулық сақтау министрінің орынбасары министрлік Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны туралы жаңа болжам жасап жатқанын айтты.

Алдын ала болжам бойынша, біздің елде коронавирустың екінші толқыны күзде болады. Бұл уақыт – суық тиіп ауырудың маусымдық жоғарылау кезеңі.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1868626-almatyda-j-karantinin-bzgandarga-ajyppl-salyndy.html