RU

Алматыда элиталық сауна және қымбат бильярд клубы жұмыс істеген

Telegram logo VKontakte logo

Алматыда карантин кезінде элиталық сауна мен қымбат бильярд клубы жұмыс істеп келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Карантинді бұзған

Фото: polisia.kz

"Бостандық ауданында элиталық сауна жұмыс істеді. Санитарлық нормалар мен талаптарға қарамастан, кешен өз жұмысын жалғастырды және келушілерді таңертеңге дейін қабылдады.Тексеру кезінде мекемеде 12 адам болды, олардың 9-ы жеңіл мінезді қыздар болды. Айта кетейік, моншаға барлығы кіре бермейді, ішкі қауіпсіздік қызметі кірудің қатаң жүйесін жүргізді. Дәл сол уақытта басқа мобильді топ бильярд клубын анықтады. Мұнда 13 адамнан тұратын топ туған күнін атап өтті", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция басқармасы басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.

Ішкі істер министрлігінің ресми сайтының ақпараты бойынша, келушілер, монша кешені мен бильярд клубының қызметкерлері ҚР ӘҚБК 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Видеода көрсетілген мекемелердің иелеріне қатысты 638 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Наразылыққа шықты1

Тағы да оқыңыздар

Жетісайда базарлардың ашылуын талап еткен саудагерлер жолды жапқан

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда бассейні бар демалыс аймағының карантин кезінде жұмысын жалғастырғанын хабарлаған болатынбыз.

ҚР ІІМ ресми сайтының хабарлауынша, бассейні бар кешен әдеттегі кесте бойынша жұмыс істеген, сондай-ақ, санитарлық шаралар сақталмай келген.

Сондай-ақ, Тараз қаласында карантин кезінде жасырын жұмыс істеген кафелер анықталды. Тиісті шектеулерге қарамастан қызметін жалғастырған нысандардың бірі кәуаптың иісінің арқасында әшкере болған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Алматыда элиталық сауна және қымбат бильярд клубы жұмыс істеген