RU

Қазақстанда сатып алған көлікті бірден автосалонда тіркеуге болады

Telegram logo VKontakte logo

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Бағдат Мусин автокөлікті тіркеу рәсімін жеңілдету шаралары туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көлік

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы бірінші вице-министр Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Аптаның басында мамандандырылған ХҚКО-ға бардым. Адам өте көп. Елордалық мамандандырылған ХҚКО-ға келушілер саны бірнеше мыңнан асады. Әрине, біздің міндетіміз – қызметтің бәрін автоматтандыру. ҚР ІІМ-нің цифрландыру бойынша жаңадан тағайындалған вице-министрі Сәкен Сәрсеновпен бірге процесті жеңілдетуді пысықтаудамыз.
Бізге қазір ХҚКО-ға келушілер санын мүмкіндігінше азайту қажет. Жүргізілген талдау нәтижесі Нұр-Сұлтан қаласында ресімделетін автокөліктің 30% автосалоннан сатып алынатыны анықталды. Сондықтан автосалондарда мамандандырылған ХҚКО бұрышын ұйымдастыруды ұйғардық", - деп жазды Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айтуынша, автокөлікті таңдау, мемлекеттік нөмір мен техқұжатты алу және өзге де операциялардың бәрі автосалонда жасала береді.

"Бүгінде қаладағы бірқатар автосалонда осындай бұрыштар жұмыс істейді. Сондықтан, қалған автосалондарды өз клиенттеріне осындай қызмет көрсетуге шақырамыз. Ол үшін Азаматтарға арналған үкіметке хабарласу қажет. Бізге адамдардың әлеуметтік қашықтықты сақтауына жағдай жасау маңызды!", - деді бірінші вице-министр.

Тағы да оқыңыздар

Таймерденов Алматыда полицейлер неше жалақы алатынын айтты

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында Қырғызстан, Ресей мен Армениядан әкелінген көліктерге қатысты пікір білдіріп, көлік иелеріне көлікті ресімдеу немесе елден шығару үшін 2021 жылдың 1 наурызына дейін уақыт берілетінін мәлімдеген еді.

Айта кетейік, одаққа мүше елдердің автокөлігіне берілген алғашқы уақытша мемлекеттік нөмір Алматы қаласында тіркелді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қазақстанда сатып алған көлікті бірден автосалонда тіркеуге болады