RU

ДДСҰ Қазақстандағы КВИ бойынша статистиканы біріктірді

Қазақстандағы КВИ
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Дүниежізлік денсаулық сақтау ұйымы өзінің ресми сайтында Қазақстандағы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының көрсеткішін өзгертіп тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазіргі таңда ДДСҰ-ның онлайн-виджеті Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың 105 526 дерегі тіркелгенін көрсетіп тұр. Мұндай мәліметтер коронавирус инфекциясы мен анықталмаған пневмонияға шалдыққан науқастардың статистикасы біріктірілгеннен кейін жарияланды.

Қазақстандағы КВИ
Скриншот: ДДСҰ ресми сайты

Coronavirus2020.kz сайтында науқастарға қатысты ақпарат екі түрлі бөлек бөлімдер бойынша көрсетілген.

Портал мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 97 829, COVID-19 белгілері бар пневмонияның 12 110 оқиғасы тіркелген. Егер бұл мәліметтерді біріктірген жағдайда нақты 109 939 науқас шығады.

Елімізде коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан адамдардың саны бүгінде 71 609-ге жетті.

Қазақстанда бір тәулік ішінде COVID-19 белгілері бар пневмониядан 17 адам қайтыс болды.

Айта кетейік, соңғы жарияланған мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда тағы 907 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

Сондай-ақ, коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 46 адам көз жұмды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 25 002 адам коронавирус инфекциясынан ем алуын жалғастыруда, олардың 114-і балалар. Ауруханаларда 5 039 пациент, амбулаториялық деңгейде 19 963 пациент бар.

130 адамның жағдайы ауыр, 27-нің жағдайы нашар, 33-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1868682-dds-kazakstandagy-kvi-bojynsa-statistikany-biriktirdi.html