RU

"Жетіспеушілік менде де бар": Әбдірайымов өзін сынға алғандарға жауап берді

Telegram logo VKontakte logo

"Жігіттері" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов қалың көпшілікке өзінің жанайқайын жеткізді. Өнер иесі 42 500 теңге жәрдемақы алғаны үшін желіде аяусыз сынға ұшыраған. Жұртшылық өнер иесін жағдайы жақсы бола тұра, мемлекеттен көмек алды деп сөккен. Алайда, ол халық секілді өзі де қаржы тапшылығын басынан өткеріп жатқанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағлан Әбдірайымов
Фото: Instagram/baglan_abdraimov_official

Бағлан Әбдірайымов өзін сынап тастаған көпшілікке Instagram желісі арқылы жауап берген. Ол өзінің жеке парақшасында арнайы жазба жариялап, жағдайдың мән-жайын түсіндірген.

"Менен сұхбат алған журналистердің сұрағына бүкпесіз жауап беремін. Бір сұрақтары: "Мемлекет берген 42500 тг алдыңыз ба?” - деген болды. “Иә” деп жауап бергенімді айттым. Оны қалай жаратқанымды айтпадым. Айтсаң: “42 миллион 500 мың қайырымдылыққа бергендей не болды?” - деген пікір айтпаса да белгілі. Айтпағым, менің де бала-шағам Қазақстан мемлекетінің ұрпағы, өздерінің несібесі десең: “Сендер аш емессіңдер” - деген пікір міндетті түрде келеді.

Жалпы, ешкімге жақпайсың. Бәрі ашулы, түсінемін. Сіздердегідей жетіспеушілік менде де бар. Алла тағала әркімге шамасы келетін сынақ беретін менен жақсы білесіздер. Тек, әр пендесіне берген ризығына ортақтасып, сөз қылып, қызғанып күнәға батып кетпесе екен деген шын тілегім бар! Өлшеп берген дәм - тұзы қай аялдама да бітетінін ешкім білмейді. Онда неге өлмейтіндей өсекке құмармыз? Бөтен инстаграмдағы пікірді оқып қалсаң шошисың. Не деген коменттер? Ненің азабы?

Марина Рыжакова

Тағы да оқыңыздар

Алты жасар қызы көз жұмған алматылық келіншек жанайқайын айтты

Мейлі, бас аман болсын! Жанталасып, жан бағып жүрген пақыр пенделерінің үмітін Алла тағала ақтайды деген күмәнсіз тілек айтамын! Санаулы қазақтың талай атұстарлары өмірден озып кетіп жатыр. Азғантай қазақтың қадіріне жетейікші! Менің сіздерден артық, сіздерде менен артық ешкім жоқ екенін білемін. Таңертең аш құрсақпен ұшып кеткен құсты тойдырған Алла махаббатпен жаратқан пендесін аш қалдырмас. Елдің еңсесі көтеріліп, бауырға басып, ағайынды еркін аралайтын күнде жолығайық" , - деп жазды ол.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Жетіспеушілік менде де бар": Әбдірайымов өзін сынға алғандарға жауап берді