RU

Павлодар облысында полицейлер халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады

Telegram logo VKontakte logo

Павлодар облысының полицейлері ресейлік жедел уәкілдермен іздестіріліп жатқан қылмыскерді ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz ІІМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Қылмыскер құрықталды

Көрнекі фото: Ria.ru

Қылмыскерді тұтқындауды Ертіс ауданының полицейлері іске асырған. “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Ертіс ауданының криминалдық полиция қызметкерлері шаруа және фермер қожалықтарын тексерді. Оның барысында белгісіз бір ер адам тәртіп сақшыларының назарын аударған.

"Сұрастыру барысында 37 жастағы ер адам Ресей Федерациясынан шыққаны анықталды. Оны деректер базасы бойынша тексеру кезінде бұл ер адамды Мәскеу қаласы бойынша ІІМ ММ оңтүстік-батыс әкімшілік округі бойынша ішкі істер басқармасының жедел уәкілдері іздеуге салғаны анықталды. Ер адам 2019 жылдың қыркүйек айында жаяу жүргіншіні қағып кетіп, жол – көлік оқиғасы салдарынан дене жарақатын алған.
Мәскеу қаласының полицейлері осы факті бойынша Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 264-бабы 1-бөлігі бойынша – жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу қылмыстық іс қозғады. Біз іздестірудің бастамашысына іздестірілушінің орналасқан жерін анықтау туралы хабарладық" , – деді Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серік Үсенов.
Қарақшылар

Тағы да оқыңыздар

Алматыда ұрлықпен айналысқан қарақшылар тобы ұсталды

Атап айтқанда, жыл басынан бастап Павлодар полицейлерімен қылмыс жасағаны үшін іздестіріліп жатқан 69 адамды анықтап, ұсталды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Павлодар облысында полицейлер халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады