RU

Түркістан облысында жоғалған бойжеткеннің екі апта бойы не істегені белгілі болды

Telegram logo VKontakte logo

Екі апта бұрын Түркістан облысының Отырар ауданында іс-түссіз жоғалып кеткен бойжеткен Алматы қаласындағы базарлардың бірінен табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Ару

Көрнекі фото: pixabay.com

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, 19 жастағы Ұлпан Әсен аман-есен, үйіне жеткізілген. Туыстарының сөзінше, студент қыз ешкімге ештеңе айтпастан Алматыға өз бетімен кетіп қалыпты. Оны балмұздақ сатып жүрген жерінен тауып алдық, дейді.

"23-і күні Ұлпан қарындасымды жоғалтып алған едім. Сол қарындасымды таптым. "Алтын Ордада", "Барлық" базарында құймалы балмұздақ сатушы болып істеген екен", - дейді туған ағасы Айдар Жақыпбеков.

Оның айтуынша, Ұлпан бұның алдында өз бетінше жұмыс істеп, ақша тапқысы келгенін жеткізген екен. Алайда, жас қыздың жұмысқа шығуына үйдегілер қарсылық танытқан. Осылайша, Ұлпан Алматыға қашып кеткен.

Еске сала кетсек, Грузиядағы туыстарына қонаққа барып, карантинге байланысты ұзақ уақытқа қалып қойған 13 жастағы алматылық Илья Пилпани жоғалып кетті.

Толғанай

Тағы да оқыңыздар

"Елімді сағындым": АҚШ-та оқып жүрген қазақ қызы жерлестерінің еміне деп ақша аударған

Ол 18 шілде күні велосипедпен серуендеу үшін үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Баланы куәгерлердің соңғы рет Ленджери ауылында көргендігі айтылды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Түркістан облысында жоғалған бойжеткеннің екі апта бойы не істегені белгілі болды