RU

Бүгін елімізде Құрылысшылар күні

Telegram logo VKontakte logo

Қазақстанда тамыз айының екінші жексенбісі Құрылысшылар мерекесі атап өтіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com

1955 жылы 6 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының "Құрылысшылар күнін" белгілеу туралы жарлығы шықты. Алғаш рет бұл саланың қызметкерлері мерекені 1956 жылы 12 тамызда атап өтті.

Тамыздың екінші жексенбісінде Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Украина құрылысшыларына құрмет көрсетіледі. Ең жақсы қызметкерлер марапаттарға, алғысхаттарға ие болады, мерекеге жаңа нысандар табысталады: мектептер, ауруханалар, көпірлер, тұрғын үйлер.

Қазақстанның құрылыс саласында 630 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Елде қолжетімді баспана салу мен сатуға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған "Нұрлы жол" және "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асырылуда.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Instagram-дағы ресми парақшасында құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады.

"Құрылысшылар 300 мың халқы бар шағын қаланы қарқынды өсіп келе жатқан астанаға айналдырды. Қала тұрғындарының саны төрт есе өсті. Барша құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт және табыс тілеймін!",– деп жазды Алтай Көлгінов.
Көлік

Тағы да оқыңыздар

Қазақстанда сатып алған көлікті бірден автосалонда тіркеуге болады

Қазақстан құрылысшылар одағы құрылыс саласындағы жоғары жетістіктері үшін марапат белгілерін тағайындады: "Құрметті құрылысшы" төсбелгісі. Оны құрылыс саласында кемінде он жылдық тәжірибесі бар мамандар және осы салаға айтарлықтай үлес қосқан адамдар алады.

Еске сала кетсек, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 98 701-ге жетті. Өткен тәулікте елімізде тағы 872 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Бүгін елімізде Құрылысшылар күні