RU

Қазақстанда коронавирустан жазылғандардың саны 72 273-ке жетті

pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда өткен тәулікте 664 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шыққаны белгілі болды. Осылайша, елімізде қауіпті дерттен жазылғандар саны 72 273-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Аймақтар бойынша

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 21
  • Алматы қаласы - 60
  • Шымкент қаласы - 2
  • Ақмола облысы - 41
  • Ақтөбе облысы - 48
  • Атырау облысы - 29
  • Шығыс Қазақстан облысы - 212
  • Жамбыл облысы - 53
  • Батыс Қазақстан облысы - 32
  • Қарағанды облысы - 23
  • Қостанай облысы - 101
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 30
  • Түркістан облысы - 10

Еске салсақ, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 98 701-ге жетті. Өткен тәулікте елімізде тағы 872 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған.

Оған қоса, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің ресми сайтында Қазақстандағы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының көрсеткішін өзгертіп тастады.

Қазіргі таңда ДДСҰ-ның онлайн-виджеті Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың 105 526 дерегі тіркелгенін көрсетіп тұр. Мұндай мәліметтер коронавирус инфекциясы мен анықталмаған пневмонияға шалдыққан науқастардың статистикасы біріктірілгеннен кейін жарияланды.

Портал мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 97 829, COVID-19 белгілері бар пневмонияның 12 110 оқиғасы тіркелген. Егер бұл мәліметтерді біріктірген жағдайда нақты 109 939 науқас шығады.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстанда коронавирустан 29, пневмониядан 17 адам, бір тәулікте барлығы 46 адам көз жұмғаны туралы жазған едік.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1868709-kazakstanda-koronavirustan-zazylgandardy-sany-72-273-ke-zetti.html