RU

Қазақстанда пневмониядан бір тәулікте 15 адам қайтыс болды

Telegram logo VKontakte logo

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1011 жағдайы және 15 өлім жағдайы тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020 ресми сайтына сілтеме жасап.

pxhere.com
Көрнекі фото: pxhere.com

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, осы айда коронавирусты жұқтырған қазақстандықтардың саны 13 мыңнан асты, аурудан 152 адам қайтыс болған. Осы жағдайлардың барлығында коронавирус сынағы теріс болды, дегенмен науқастарда КВИ белгілері анықталған.

"Денсаулық сақтау министрлігі КВИ қатысты әр тәуліктегі ақпаратты күн сайын жариялап отырады. Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады.
Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны, қайтыс болғандар және қоғамдағы маңызды жағдайлар ресми ақпарат көздері арқылы жедел жарияланады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды",– делінген хабарламада.

Еске салсақ, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 98 701-ге жетті. Өткен тәулікте елімізде тағы 872 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған.

Қазақстандағы КВИ

Тағы да оқыңыздар

ДДСҰ Қазақстандағы КВИ бойынша статистиканы біріктірді

Айта кету керек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің ресми сайтында Қазақстандағы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының көрсеткішін өзгертіп тастады.

Оған қоса, елімізде өткен тәулікте 664 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шыққаны белгілі болды. Осылайша, елімізде қауіпті дерттен жазылғандар саны 72 273-ға жетті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қазақстанда пневмониядан бір тәулікте 15 адам қайтыс болды