RU

Тағы 28 қазақстандық коронавирустан көз жұмды

pxhere.com
Көрнекі фото: pxhere.com

Кеше, 8 тамызда Қазақстанда коронавирус ауруынан 28 адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасы мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігі 8 тамызда коронавирус ауруынан қайтыс болғандар туралы статистиканы жариялады. Бір тәулік ішінде індет 28 отандасымыздың өмірін қиды. Пандемияның басталғалы коронавирустан 1266 қазақстандық қайтыс болды.

Еске сала кету керек, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 98 701-ге жетті. Өткен тәулікте елімізде тағы 872 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталғаны жайлы жазған едік.

Айта кету керек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің ресми сайтында Қазақстандағы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының көрсеткішін өзгертіп тастады.

Қазіргі таңда ДДСҰ-ның онлайн-виджеті Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың 105 526 дерегі тіркелгенін көрсетіп тұр. Мұндай мәліметтер коронавирус инфекциясы мен анықталмаған пневмонияға шалдыққан науқастардың статистикасы біріктірілгеннен кейін жарияланды.

Оған қоса, елімізде өткен тәулікте 664 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шыққаны белгілі болды. Осылайша, елімізде қауіпті дерттен жазылғандар саны 72 273-ға жетті.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1011 жағдайы және 15 өлім жағдайы тіркелгені туралы жазған болатынбыз.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1868719-tagy-28-kazakstandyk-koronavirustan-kz-zmdy.html