RU

"Анамды қаппен жерледік": ақтөбелік тұрғын сұмдық жағдайды жайып салды

Telegram logo VKontakte logo

Ақтөбе тұрғыны Юлия Сорока жергілікті "Эврика" газетіне коронавирустан қайтыс болған ата-анасын қалай жерлегенін айтып берді деп KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Getty Images
Көрнекі фото: Getty Images

Әйел 2020 жылдың маусым айында ата-анасынан айырылды. Ол бастапқыда коронавирус белгілері бар ата-анасын ауруханаға жатқызбағанын айтып отыр. Ал жағдайлары ушыққан кезде стационарға жеткізген. Екеуі де сол жерде көз жұмды. 

Бұдан соң тұрғын мәйітханаға марқұмдардың денесін алып кетуге барған. Сол кезде анасының денесіне "хлорка" себілгенін көрді.

Айтуынша, әкесінің денесі тоңазытқышта емес, еденде жатқан. 

"Әкеме біз әкелген киімді кигізуге келісті. Ал анамды қапқа салып, үстіне хлока сепкен. Неге былай болды?  Коронавирус тесті оң болғандықтан, осылай істеп отыр. Әкемде ковид расталмаған еді. Сондықтан әкемді киіндіріп, дәстүрге сай жерледік. Ал анасды қаппен жерледік", – деді Юлия Сорока "Эврика" басылымына. 

Ол санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын жауапқа тартқысы келетінін айтып отыр. 

Карантин 25

Тағы да оқыңыздар

Алматыда үй карантинін бұзғандарға айыппұл салынды

"Анамның жағдайы ушыққаны үшін, дер кезінде жанында медицина қызметкері болмағаны үшін, жерлеуге қатысты нақты талапты ешкім айта алмағаны үшін жауап берулері керек", – деді тұрғын.

Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Даньяров кейбір қызметкерлердің кәсіби біліктілігі төмен болғаны үшін кешірім сұрады. 

Жағдай тексеріліп, қызметкерлердің әрекетіне баға берілетінін айтты.

Еске сала кетсек, 8 тамызда Қазақстанда коронавирус ауруынан 28 адам қайтыс болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Анамды қаппен жерледік": ақтөбелік тұрғын сұмдық жағдайды жайып салды