RU

Танымал әнші Асхат Тарғын қызды болды (фото)

Telegram logo VKontakte logo

Қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасы бар әнші Асхат Тарғын қызды болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Асхат Тарғын
Фото: instagram.com/askhat_targin
Қуанышты хабармен әншінің өзі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісіп, "Сүйінші! Аллаға сансыз шүкірлік. Қызды болдым", - деген жазба қалдырды.

Бұны көрген желі оқырмандары өнер иесіне жақсы тілектерін жаудырды.

"Бауы берік болсын", "Сүйкімді қыз болып бойжетсін", "Үкілеген үміттеріңізді ақтасын", "Сіздер үшін қуаныштымын", "Бақытты болыңыздар", "Ұлыңызға қарындас сыйлап жатқан жарыңызға рақмет" деді олар.

Сонымен қатар, құттықтағандардың арасында қазақ сахнасының танымал жұлдыздары мен танымал тұлғалар бар.

Олар: Бүркіт, Меліс Сағатұлы, "Мұзарт" тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов, Нұрлан Еспанов, "Азия" тобының орындаушысы Ринат Басит, "Жігіттер" тобының продюсері Ерғали Әбдірайымов және тағы басқалар.

Айта кетейік, Асхат Тарғын мен Әлия Құдайбергенова 2017 жылы отбасы құрды. Ақтөбе облысында өмірге келген әртістің торқалы тойы Алматы қаласындағы таңдаулы ресторанның бірінде өткен болатын. Олардың ортақ ұлдары бар.

Айгүл Иманбаева

Тағы да оқыңыздар

Белгісіз ер азаматтың бетінен сүйіп тұрған Иманбаева желіде талқыға қалды (фото)

Сонымен қатар, әншінің бірінші некесінен бір қызы бар.

Еске сала кетейік, Ақбота Керімбекова "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұхбаты барысында әнші ретінде кімді мойындамайтынын айтқан болатын. Оның тізіміне Абай Бегей, Асхат Тарғын мен Сиви Махмуди кірді.

Асхат Тарғын өнердегі әріптесінің бұл мәлімдемесіне бірден жауап берді. Ол алдымен өзімен бір сахнаны бөлісіп жүрген әріптесіне мүлдем ренжімейтінін алға тартып, артынша оны да мойындамайтын адамдар бар екенін ескертті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Танымал әнші Асхат Тарғын қызды болды (фото)