RU

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустың 741 жаңа дерегі анықталды

Telegram logo VKontakte logo

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының 741 жағдайы анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Індет

Көрнекі фото: pixabay.com

Оның ішінде 340 адамда ауру белгілері жоқ.

Аймақтар бойынша (жалпы / ауру белгілері жоқ)

Нұр-Сұлтан қаласында - 163/56

Алматы қаласында - 132/61

Шымкент қаласында - 1/1

Ақмола облысында - 42/19

Алматы облысында - 18/15

Атырау облысында - 30/29

Шығыс Қазақстан облысында - 58/20

Жамбыл облысында - 20/10

Батыс Қазақстан облысында - 49/16

Қарағанды ​​облысында - 87/37

Қостанай облысында - 31/16

Қызылорда облысында - 5/3

Маңғыстау облысында - 28/23

Павлодар облысында - 21/9

Солтүстік Қазақстан облысында - 38/12

Түркістан облысында - 18/13

Естеріңізге сала кетейік, 8 тамызда Қазақстанда коронавирус ауруынан 28 адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасы мәлімдеді.

pixabay.com

Тағы да оқыңыздар

Қазақстанда коронавирустан жазылғандардың саны 72 273-ке жетті

Айта кету керек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің ресми сайтында Қазақстандағы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының көрсеткішін өзгертіп тастады.

Қазіргі таңда ДДСҰ-ның онлайн-виджеті Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың 105 526 дерегі тіркелгенін көрсетіп тұр. Мұндай мәліметтер коронавирус инфекциясы мен анықталмаған пневмонияға шалдыққан науқастардың статистикасы біріктірілгеннен кейін жарияланды.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1011 жағдайы және 15 өлім жағдайы тіркелгені туралы жазған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустың 741 жаңа дерегі анықталды