RU

Полицияға пара бермек болған ер адамға жарты миллион теңге айыппұл салынды

Telegram logo VKontakte logo

Жаңаөзенде полицейге пара берген ер адамға жарты миллион теңге айыппұл салынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ

Автокөлікпен тыйым салынған бағдаршамға жүріп өткен жүргізуші полиция қызметкерінің назарына ілікті.

Заңсыздықтың ресми түрде ресімдемегенін қалаған ер адам тәртіп сақшысына пара беруді ұсынды.

Анықталғандай, тәртіп бұзушы екі мың теңгемен мәселені шешіп тастағысы келген.

Полиция қызметкері жүрізушінің бейнетіркегішке жазылып жатқандығы туралы ескерткен, алайда ол алған бетінен қайтпапты.

Нәтижесінде тәртіп сақшысы болған оқиға туралы тиісті органдарға баяндап, ер адамды жауапкершілікке тартты.

Сот талқылауы ҚР ӘҚБтК-нің 676-бабы бойынша “Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі” жүргізілді. Жаңаөзен қаласының әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, оған 200 АЕК немесе 555 600 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда полиция жасақтарының мотоциклдер мен жарысып жүретін көліктерді тоқтатқанын жазған едік.

Қарақшылар

Тағы да оқыңыздар

Алматыда ұрлықпен айналысқан қарақшылар тобы ұсталды

Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовтың айтуынша, мотоциклисттер мен кейбір адамдардың көлікті агрессивті жүргізуі қала тұрғындарының наразылығын тудыруда.

Сонымен қатар, айта кетейік, Шымкент мемқызметке орналастыру үшін 15 мың доллар сұраған азаматтың анықталғанын жазған болтынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Полицияға пара бермек болған ер адамға жарты миллион теңге айыппұл салынды