RU

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 35 адам қайтыс болды

Telegram logo VKontakte logo

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 35 өлім тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Coronavirus2020.kz ресми Telegram арнасына сілтеме жасап.

Індет

Көрнекі фото: pixabay.com

35 жағдайдың 12-інде ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткенін, қалған 23 жағдайда оң нәтиже бергенін айта кету керек. Сонымен қатар, өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 741 дерегі және коронавирус белгілері бар пневмонияның 159 жағдайы расталды.

13 наурыздан 10 тамызға дейін барлығы коронавирустың 99 442 жағдайы анықталды. Оның ішінде 1269 адам асқынудан қайтыс болды.

Барлығы, 1 тамыздан 10 тамызға дейін коронавирус инфекциясының белгілері бар 13 200 пневмония жағдайы расталды. Оның ішінде 164 адам асқынудан көз жұмды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 250 адамның емделіп шыққанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ, айта кету керек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің ресми сайтында Қазақстандағы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының көрсеткішін өзгертіп тастады.

pxhere.com

Тағы да оқыңыздар

Тағы 28 қазақстандық коронавирустан көз жұмды

Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау министрінің орынбасары министрлік Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны туралы жаңа болжам жасап жатқанын айтты.

Алдын ала болжам бойынша, біздің елде коронавирустың екінші толқыны күзде болады. Бұл уақыт – суық тиіп ауырудың маусымдық жоғарылауы.

Бюрабекова аталған аурулардың негізінде болжам жасалып жатқанын атап өтті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 35 адам қайтыс болды