RU

Оралда биімен клиент тартатын қарбыз сатушы жұрттың көңілін көтерді (видео)

Telegram logo VKontakte logo

Әлеуметтік желіде билеп қарбыз сатқан ер адамның видеосы тарап, көпшіліктің көңілін көтерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

кадр
Фото: Видеодан кадр

Видео Youtube желісіндегі KZ Video тобында жарық көрді.

Ролик жазбасынан қызықты жағдайдың Орал қаласында орын алғанын байқауға болады.

Бұны көрген оқырмандар "ер адам өз өніміне клиенттерді ерекше әдіспен тартады", "биі өзіне жарасып тұр", "осы бидің арқасына көп клиент жинап алды", "күнде билейді, шаршамайды екен", "маркетингтік әдістің бір түрі" деген пікірлер қалдырды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ақтау жағалауында қарбыздардың өсіп кеткенін жазған болатынбыз. Видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшіліктің талқысына түсті.

Кадрдан ер адамның теңізге жақын маңда орналасқан орындықтардың жанында жаңбырдан кейін қарбыз өсіп кеткенін айтқанын естуге болады.

Алайда, кейбір желі оқырмандары "асқабақ тұқымдасына жататын өсімдіктің Каспий жағалауында демалушылар дән қалдырып кеткеннен кейін шыққан" деген пікірде.

ет

Тағы да оқыңыздар

Үстел үстінде "тіріліп кеткен" ет жұрттың зәресін ұшырды (видео)

Еске сала кетсек, осыған дейін кеше түнде қатты жауған нөсер салдарынан Ақтау қаласын су басқанын жазған болатынбыз.

Ғаламтор кеңістігінде оқиға орнынан түсірілген бейнематериалдар көптеп жарияланып жатыр.

Анықталғандай, кемінде 12 учаскені су басқан. Олардың бесеуі - автокөлік жолдарының аумағы.

Қатты жауған нөсер көлік жүргізушілерін тығырыққа тіреді. Олар көше бойын су басқандықтан жол шетіндегі жиектастарды көрмей жатқанына шағымданған. Көптеген көлік өз нөмірлерін жоғалтып алған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Оралда биімен клиент тартатын қарбыз сатушы жұрттың көңілін көтерді (видео)