RU

Маңғыстауда карантин кезінде той өткен

Telegram logo VKontakte logo

Маңғыстау облысында карантин кезінде 30 адамның қатысуымен той өткені анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Карантин кезіндегі той

Көрнекі фото: pixabay.com

7 тамыз күні Шетпе кентінде жергілікті уақыт бойынша, шамамен 23:30-да учаскелік полиция инспекторлары карантин режимін бұзу фактісін анықтады.

Шетпе кентіндегі үйлердің бірінде 30-ға жуық адам жиналған үйлену тойы өткен.

Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырылды.

Материал Маңғыстау облысы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жіберілді.

Тәртіп сақшылары азаматтарды карантин режимін бұзбауға, шектеу шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында екі күн ішінде 12 той тоқтатылғанын хабарлаған едік.

Атап айтқанда, Түркістан облысы Қазығұрт және Төлеби аудандарының тұрғындары 32-50 адамның басын қосып, қыз ұзату тойын өткізген.

Сайрам ауданында мобильді топ қыз ұзату, екі беташар, бір отбасылық отырыстың үстінен түскен. Арыста үш беташар мен бір қыз ұзату тойы тоқтатылған.

Ақша

Тағы да оқыңыздар

Полицияға пара бермек болған ер адамға жарты миллион теңге айыппұл салынды

Сонымен қатар Екібастұзда бақылау тобы карантин кезінде той өткізбек болғандардың үстінен түскенін жазған болатынбыз.

Айта кетейік, Оралда журналистер мен полиция қызметі карантин режимін елемей, дүбірлі той өткізген тұрғындарды әшкереледі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Маңғыстауда карантин кезінде той өткен