RU

Аймағамбетовтың кеңесшісі болған белгілі журналист қызметінен кетті

Telegram logo VKontakte logo

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің кеңесшісі болған Ерболат Мұхамеджан қызметінен кетті. Бұл туралы журналистің өзі әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

ерболат
Фото: Facebook/Ерболат Мұхамеджан
"Осы аптадан бастап жаңа жұмысқа кірісуіме байланысты, өткен аптада Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігіндегі штаттағы кеңесшілік жұмысымды ресми түрде аяқтағанымды хабарлаймын. Сонымен қатар, министрдің өтініші бойынша, штаттан тыс кеңесші болып қала бермекпін.

Өздеріңізге мәлім, осыдан бір жыл бұрын жаңадан тағайындалған министр Асхат Аймағамбетов мені білім және ғылым саласын жаңа деңгейге бірлесе көтеру мақсатында жұмысқа шақырған болатын.

Дәл осы саланың сапасы елдің дамуына және әрбір қазақстандықтың өмірінің жақсаруына тікелей әсер ететіндігіне кәміл сенгендігімнен бұл шақыруды қабылдап, қалыптасқан жағдайларды оң нәтиже беретіндей өзгерту үшін алдымызға маңызды үш мақсат қойдық.

  • Біріншіден, осы салаға қатысы бар шалғайдағы қарапайым мұғалімнен бастап, қоғам белсенділері, ата-аналар, журналистер, білімге қатысты барлық деңгейдегі белсенді басшылардың айтып не айтпай жүрген мәселелерін тыңдау, құлақ асу және түсіну. Былай айтқанда, "реальный" жағдайдан хабардар болғымыз келді. Ал бұл, саяси шешімдерді қабылдайтын министрге дұрыс және объективті ақпараттар беріп отыруымыз үшін өте маңызды болды.
  • Екіншіден, министрлікті барынша ашық, кері байланысты күттірмей беретін және кез келген ел азаматы үшін қолжетімді ету болды. Ол үшін заманауи барлық ресурстардың (әлеуметтік желілер, тікелей эфирлер, БАҚ, Call-center және т.б.) мүмкіндігін кеңінен пайдаландық. Сәйкесінше көптеген өзекті деген мәселе туындамай жатып, оның дұрыс шешімін табуға тырыстық. Менің ойымша, бұл - коммуникацияның негізгі құндылығы. Себебі тыңдай білетін және проблема жайлы ертерек хабардар болатын үкімет қана ел игілігі жолында ұтымды шешімдер қабылдай алады.
  • Үшіншіден, ішкі коммуникацияны ретке келтіру. Ол үшін біз бірнеше қадам жасадық. Бірінші - автономия болса да университеттерде, әкімдікке тікелей бағынышты болса да білім басқармаларында баспасөз хатшылары бекітіліп, олардың министрлік ұстанымына сәйкес жұмыс істеуіне әсер еттік. Олардың халықпен тиімді коммуникация құруы - министрлікпен қабылданып жатқан шешімдер мен жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды халыққа жеткізу үшін өзекті болды.
Көлік

Тағы да оқыңыздар

Қазақстанда сатып алған көлікті бірден автосалонда тіркеуге болады

Ертең балаларын мектепке беретін ел қатарлы ата-ана ретінде де маған бұл саланың жақсаруы өте маңызды. Сол үшін себеп-салдарын тек түсініп қана емес, дұрыс шешімдерді жүзеге асыруға барымызды салуға тырыстық. Сәйкесінше, бұл әлеуметтік маңызды саланың тезірек әрі сапалы дамуы үшін әрдайым уайымдайтын боламыз.

Осы ретте, белсенділік танытқан журналистерге көп рақмет! Егер сіздердің тараптарыңыздан «жесткий» сұрақтар болмаса, қандай да бір кемшіліктерді уақтылы түсініп отыру қиынға соғар еді. Біздің түсінігіміз бойынша, журналистер өз сауалдарын еріккеннен емес, мәселенің өзекті болуы себепті қояды. Кезінде өзім журналист болғандықтан, сіздерді жақсы түсінемін. Алайда, өздеріңізбен әзірге қоштаспаймыз, әрқашан байланыста боламыз!

Сол сияқты белсенді мұғалімдер, сарапшылар мен қоғам өкілдеріне де ерекше алғысымды білдіргім келеді. Себебі, бұл кісілермен күн-түн демей тың ойларымызбен ашық бөлісіп, ақпарат алмасатынбыз. Алыс ауылдарда тұрсаңыздар да, ештеңеге қарамастан өз ойларыңызды ашық жеткізіп, ащы шындықты көтере білген сіздер - шынымен батырсыздар! Себебі сіздер болмасаңыздар, біз көп мәселеден хабарсыз болар едік. Сол өзекті мәселелерді әлі де ашық көтере берулеріңізді сұраймын.

Маска

Тағы да оқыңыздар

Қазақстанда маска құны 60 теңгеге дейін төмендеуі мүмкін

Сөз соңында әріптестеріме ризашылығымды білдіремін. Былай қарасаң министрліктегі қызметкерлердің жұмысы аса көрінбеуі мүмкін. Бірақ, сіздер қаншама дұрыс шешімдердің қабылдануы мен дұрыс әдістемелердің іске асуына, талай заң жобаларының жасалуына тікелей әсер ететін кәсіби мамансыздар. Сіздермен әрқашан дос болып қала беремін.

Достар, білім және ғылым саласы - расында маңызы зор үлкен әлеуметтік сала. Бұл сала барлығымыз бірігіп еңбек етіп, жанымыз ашып, әрқашан дұрыс талаптар қоя білсек қана жақсы жаққа өзгереді. Мысалы, сапалы әрі қолжетімді білім беруді, жайлы әрі балаларымыз қысылмай еркін отыратын мектептер, адалдыққа негізделген шынайы тәрбиені талап етуді ешқашан тоқтатпауымыз керек", - деді Ерболат Мұхамеджан Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетсек, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстандағы жоғары оқу орындарын әрі қарай дамытуға қатысты жазба жариялады.

көкқайнар

Тағы да оқыңыздар

"Сабақ жақындады, интернет жоқ": Көкқайнар ауылының тұрғындары жанайқайын айтты

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Аймағамбетовтың кеңесшісі болған белгілі журналист қызметінен кетті