RU

Жаңа Зеландияда соңғы 100 күн ішінде коронавирус жұқтырған бірде-бір адам тіркелмеген

Telegram logo VKontakte logo

Жаңа Зеландия әлем жұртшылығымен қуанышты жаңалығымен бөлісті. Елде 100 күн ішінде коронавирус инфекциясын жұқытру дерегі тіркелмеген. Бұл туралы елдің бас санитар дәрігері Эшли Блумфилд мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Российская Газета-ға сілтеме жасап.

pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Халық арасында инфекцияның таралуынсыз 100 күнді өту – бұл маңызды қадам, бірақ бізге босаңсуға болмайды. Біз басқа елдерде, тіпті эпидемия бақылауға алынған жерлерде вирустың қалай тез таралатынын көрдік. Болашақта Жаңа Зеландияда кез келген жаңа жағдайларды болдырмау жолында дайын болуымыз керек", – дейді Блумфилд.

Елдің бас санитар дәрігерінің айтуынша, AFP келтірген мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта елде коронавирус жұқтырған 23 адам бар.

Бірақ барлық инфекция жұқтыру дерегі шекарада анықталып, коронавирус анықталғандар дереу карантинге алынған.

Айта кетейік, 5 миллион халқы бар Жаңа Зеландияда ақпан айынан бастап коронавирус жұқтырған 1 219 адам тіркелген.

19 наурыз күні ел билігі шекараны жауып, шекараны кесіп өткендердің барлығы 14 күн карантинге жатқызылды. Нәтижесінде бұл вирустың таралуын болдырмай, оны тез жеңуге көмектесті.

Карантин 25

Тағы да оқыңыздар

Алматыда үй карантинін бұзғандарға айыппұл салынды

Елде COVID-19 диагнозы соңғы рет 1 мамырда қойылған. Індет 22 адамның өмірін қиған.

Қазіргі уақытта Жаңа Зеландия тұрғындары әдеттегі өмір салтына оралған.

Жаппай шаралар қайта жанданды.

Алайда, үкімет коронавирустың екінші толқыны туындаған жағдайда барлық үйде шұғыл көмек көрсетуге арналған жиынтықтар, соның ішінде қорғаныс маскалары болу қажеттігін ескертті.

Естеріңізге сала кетейік, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 20 миллионнан асып түсті.

АҚШ әдеттегідей көш бастап келеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Жаңа Зеландияда соңғы 100 күн ішінде коронавирус жұқтырған бірде-бір адам тіркелмеген