RU

Алматыда Наурызбай аудандық сотының төрағасы қайтыс болды

Telegram logo VKontakte logo

Наурызбай аудандық сотының төрағасы Серікбай Төлепбергенов 53 жасында өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тулепбергенов1

Серікбай Төлепбергенов. Фото: otyrar.kz

Соттың баспасөз қызметі аталған ақпаратты NUR.KZ редакторына растады.

"Кеше, 9 тамызда Наурызбай аудандық сотының төрағасы Төлепбергенов Серікбай Алдабергенұлы кенеттен қайтыс болды", – деп хабардар етті Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын.

Сондай-ақ Төлепбергеновтың көз жұмғаны туралы Наурызбай аудандық сотының Facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

Қайғылы жағдайдың мән-жайы әзірге белгісіз.

Серікбай Төлепбергенов 1967 жылы 5 тамызда қазіргі Түркістан облысы Бабай-Қорған ауылдық округінде туған.

1991 жылы инженер-механик мамандығы бойынша білім алып, ал 1998 жылы заңгер дипломын алған.

Еңбек жолын совхозда жұмысшы болып бастаған. Жалпы, Төлепбергенов түрлі салада еңбек еткен: тауартанушы, инспектор, заңгер, сондай-ақ судья, сот орындаушысы және сот төрағасы болған.

Өмірінің соңғы жылдары Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында қызмет етті. Үйленген, артында үш ұлы қалды.

Тағы да оқыңыздар

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

Еске сала кетейік, жақында медицина ғылымдарының докторы, профессор, бес монография мен жеті патенттің авторы Темірболат Сұлтанбаевтың қайтыс болғанын хабарлағанбыз.

Темірболат Жұмасылұлы - Қазақстан Медицина ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, Асфендияров атындағы медицина университеті кафедраларының бірінің профессоры.

Сондай-ақ бұған дейін Қазақстанның бас травматологы Нұрлан Батпеновтың өмірден озғанын жазғанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Алматыда Наурызбай аудандық сотының төрағасы қайтыс болды