RU

Денсаулық сақтау министрлігі: Қазақстанда коронавирус жұқтыру өсімі тоқтады

Telegram logo VKontakte logo

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте елімізде коронавирус өсімі тоқтағанын айтты. Бағдат Қожахметовтің сөзінше, республикада індетке қатысты жағдай тұрақты және жіті бақылауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Маскасыз бала1

Көрнекі фото: pixabay.com

Қожахметовтың айтуынша, Қазақстан коронавирус індетінің ауыр кезеңінен өткен.

Өткен тәулік ішінде елде 741 адам коронавирус жұқтырған.

Олардың COVID-19-ға тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен. Сонымен қатар өткен тәулікте коронавирустан елімізде 23 адам қайтыс болған.

Сондай-ақ 9 тамызда пневмониямен (COVID-19 белгілері бар, алайда ПТР тест теріс нәтиже көрсеткен) ауырған 159 адам анықталған. 12 науқас аталмыш диганоздан көз жұмған.

Жалпы алғанда, Қазақстанда 1 тамыз бен 10 тамыз аралығында 13 000-нан астам адам коронавирусқа ұқсас пневмониямен ауырған. Осы уақыт аралығында 164 адам қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігі ауруға қатысты басқа болжамдарды жарияламады. Олар қазіргі карантиннің оң әсерін беріп жатқанын, билікпен бірлесіп, ауру өсімін төмендетуді одан әрі жалғастыратынын атап өтті.

pixabay.com

Тағы да оқыңыздар

Жаңа Зеландияда соңғы 100 күн ішінде коронавирус жұқтырған бірде-бір адам тіркелмеген

Сонымен бірге Қожахметовтың сөзінше, 5 апталық карантин кезінде төсек-орын тапшылығы 60 пайызға, жансақтау бөлімшелерінде 58 пайызға төмендеген.

Айта кетейік, коронавирустың көбею коэффициенті бұрын 1,2 болса, 1 тамыздан бастап ол 0,99-ды құраған, бүгінде ол 0,84-ке төмендеп отыр.

Көбею көрсеткіші індеттің қаншалықты тез таралатынын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл арқылы бір ауру адамның қанша адамға вирус жұқтыратынын есептеуге болады.

Бұл карантинді қатаңдату немесе жеңілдету кезінде ескеріледі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Денсаулық сақтау министрлігі: Қазақстанда коронавирус жұқтыру өсімі тоқтады