Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттің бұрынғы басшысы Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды

Опубликовано:

Жетпісбай1
Арман Жетпісбай. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Арман Жетпісбай Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бірінші орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шөкеев ұжымға бірінші орынбасарын таныстырған.

Жетпісбай Арман Шәріпбайұлы 1971 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Куйбышев селосында дуниеге келген. Білімі жоғары.

1993 жылы - Қазақ химия-технология институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 2002 жылы - Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

Енбек жолын 1992 жылы коммерциялық құрылымдарда бастаған.

1998-1999 жылдары - "Алаутрансгаз", "Шымкентгаз" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде директор болып жұмыс істеген.

1999-2003 жылдары - "Қазкоммерцбанк" акционерлік қоғамы Шымкент филиалы директорының орынбасары, "Қазкоммерцбанк" акционерлік қоғамының Қызылорда филиалының директоры, "Қазкоммерцбанк Қырғызстан" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған.

2003-2018 жылдары аралығында "ARNA Корпорациясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының дирекциясы мемлекеттік мекемесінің директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, "ARNA Petroleum" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің байқау кеңесінің төрағасы, "Қазатомөнеркәсіп" акционерлік қоғамының басқарушы директоры, "Samruk-Kazyna Construction" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болған.

2018 жылдан бүгінге дейін "Samruk-Kazyna Construction" акционерлік қоғамының бас директоры - басқарма төрағасының бірінші орынбасары, "Объектілердің құрылысын жүргізетін компания" корпоративтік қорының бас директоры лауазымдарын атқарып келген.

Айта кетейік, 29 шілдеде Шымкент қаласы әкімінің орынбасарлары Ербол Садыр мен Алмасбек Мамытбеков қызметтерінен босатылғанын хабарлаған едік.

Кейін Мұрат Әйтеновтің бірінші орынбасары болып "Болашақ" бағдарламасы бойынша Гарвард университетін тәмамдаған Шыңғыс Мұқан, тағы бір орынбасары болып Президенттік кадр резервінің өкілі тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1868856-symkentti-bryngy-bassysy-trkistan-oblysy-kimini-birinsi-orynbasary-boldy/

pixel