RU

ДСМ Қазақстандағы коронавирус жайлы: Екінші емес, жаңа толқын күтіледі

Telegram logo VKontakte logo

ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда коронавирустың тағы бір толқыны күтілетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дәрігер1
Көрнекі фото: pixabay.com

Қожахметов коронавирустың "екінші толқыны" емес, "жаңа толқыны" деп атауды жөн көретінін айтты, өйткені "толқындардың реті болмайды".

"Жаңа толқын күтіледі", – деді ол.

Спикердің айтуынша, денсаулық сақтау министрлігінде арнайы комиссия жұмыс істейді. Оның құрамына министрдің орынбасары, қазақстандық және шетелдік сарапшылар, сонымен қатар ДДСҰ өкілдері бар. Олар Қазақстандағы жағдайды болжаумен айналысады.

Қожахметов комиссия болашақта коронавирустың жаңа толқыны туралы ең пессимистік болжамды ескеретінін айтты.

"Пессимистік болжамдар біреуді қорқыту үшін емес, ең жаманға дайын болу үшін жасалады. Сонда ғана барлық мүмкін сценарийлерді қарастыруға болады", – дейді денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бағдат Қожахметов ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте елімізде коронавирус өсімі тоқтағанын айтты.

Карантин 25

Тағы да оқыңыздар

Алматыда үй карантинін бұзғандарға айыппұл салынды

ДСМ өкілінің сөзінше, республикада індетке қатысты жағдай тұрақты және жіті бақылауда. Қожахметов қазіргі карантиннің оң әсерін беріп жатқанын, ДСМ билікпен бірлесіп, ауру өсімін төмендетуді одан әрі жалғастыратынын атап өтті.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 741 адам анықталып, 250 адам жазылып шыққан.

COVID-19 бен COVID-19 белгілері бар пневмониядан 35 өлім жағдайы тіркелген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
ДСМ Қазақстандағы коронавирус жайлы: Екінші емес, жаңа толқын күтіледі