RU

Лукашенконың сайлаудағы қарсыласы билікті бейбіт жолмен беруді талап етті

Telegram logo VKontakte logo

Бұған дейін БАҚ өкілдері Беларусьтегі президент сайлауында Светлана Тихановскаяны Александр Лукашенконың жалғыз бәсекелесі деп атаған еді. Сайлауда Тихановская өзін жеңімпаз санайтынын мәлімдеп, билікті бейбіт жолмен өзіне беруді талап етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тихановская2
Светлана Тихановская. Фото: ТАСС / Наталия Федосенко

РИА Новостидің мәліметінше, президенттікке экс-үміткердің штабы ұзақ мерзімді наразылықтарға дайын екендерін алға тартқан.

Тихановская мен оның командасы билікті бейбіт жолмен беруді талап етуде.

Басылымның мәліметінше, Тихановскаяның өзі Минск көшелеріндегі жаппай наразылық акцияларына қатысу туралы қорытынды шешім қабылдамаған. Алайда, ол өткен сайлау нәтижесі бойынша жеңіске жеткеніне сенімді.

Сонымен қатар, президенттікке үміткер Минск көшелеріндегі жаппай наразылық акцияларына пікір білдірді.

Тихановская наразылық толқулары барысында бір адамның көз жұмғаны туралы ақпарат расталмайтынына үміттенетінін жеткізді.

Еске сала кетейік, 9 тамызда Белоруссияда президенттік сайлау өтті.

Ұлттық экзитполдың ақпаратына жүгінсек, Александр Лукашенко 79,7%, Светлана Тихановская 6,8%, Анна Канопацкая 2,3%, Андрей Дмитриев 1,1%, Сергей Черечень 0,9% дауыс жинаған.

Владимир Зеленский1

Тағы да оқыңыздар

Зеленский белоруссиялықтарды көшедегі зорлық-зомбылықтан бас тартуға шақырды

Сайлаушылардың 9,2%-і барлығына қарсы дауыс берген. Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытынды нәтижесін 14 тамыз, жұма күні шығаруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Беларусьтегі президент сайлауынан кейін жаппай наразылық акциялары басталғанын жазғанбыз. Минск көшелеріне ел тұрғындары жиналып, тәртіп сақшылары мен жергілікті халық арасында қақтығыс орын алды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Лукашенконың сайлаудағы қарсыласы билікті бейбіт жолмен беруді талап етті