RU

Елбасы Лукашенкоға құттықтау жеделхатын жіберді

Telegram logo VKontakte logo

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының президенті болып қайта сайлануымен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Назарбаев Лукашенко
Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко. Фото: elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенкоға Беларусь Республикасының президенті қызметіне қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

"Беларусь халқы Сіздің кандидатураңызға дауыс бере отырып, экономикалық реформалар саясатын жалғастыруды, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруды және Беларусь Республикасының халықаралық беделінің нығая түсуін қолдайтынын тағы бір мәрте растады.

Достық пен өзара құрмет дәстүрлеріне негізделген Қазақстан-Беларусь стратегиялық серіктестігін дамытуға қосқан Сіздің жеке үлесіңізді ерекше атап өткім келеді. Бұл ретте Қазақстан Беларусьпен екіжақты форматта да, Еуразиялық экономикалық одақ аясында да байланыстарды кеңейту және тереңдету ісін жалғастыруды көздеп отыр.

Мен сенімге және өзара түсіністікке негізделген достығымызды қадірлеймін әрі оны жоғары бағалаймын. Біздің өткен жылдардағы бірлескен жемісті жұмысымыз әрі қарай да екі ел халықтарының игілігі жолында көптарапты ынтымақтастықты дамыту үшін берік негіз бола алатынына сенімдімін", – делінген жеделхатта.

Тоқаев пен Лукашенко

Тағы да оқыңыздар

Тоқаев Лукашенконы Беларусь президенті болып қайта сайлануымен құттықтады

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Александр Лукашенконы Беларусь президенті болып қайта сайлануымен құттықтаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 9 тамызда Белоруссияда президент сайлауы өтті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Елбасы Лукашенкоға құттықтау жеделхатын жіберді