RU

Израильдік зергерлер алтын мен гауһар тастан медициналық маска жасауда

Telegram logo VKontakte logo

Израильдік зергерлер әлемдегі ең қымбат медициналық маска жасауда. Ол ақ алтын және бағасы 1,5 миллион долларды құрайтын әшекейленген қара және ақ гауһар тастармен қапталады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

маска бриллиант
Фото: twitter.com/haaretzcom
"18 карат ақ алтыннан тұратын маска 3600 ақ және қара гауһар таспен өрнектеледі және тапсырыс берушінің қалауы бойынша N99 жоғары сапалы фильтрмен жабдықталады", – деп мәлімдеді дизайнер әрі зергерлік фирманың иесі Исаак Леви.

Аталған бағалы маскаға тапсырысты АҚШ-та тұратын қытайлық бизнеспен берген. Ол зергерлерге екі шарт қойған: тапсырыс жылдың соңына дейін дайын болуы және әлемдегі ең қымбат маска саналуы тиіс.

Зергерлердің айтуынша, аталған бағалы бұйымның салмағы шамамен 270 граммды құрайтын болады – бұл қарапайым медициналық маскалардан 100 есе ауыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Гонконг университетінің ғалымдары атжалмандарға тест жасау арқылы коронавируспен күресте медициналық маскалардың жоғары тиімділігін дәлелдеп берген еді.

Тағы да оқыңыздар

Бейрутте көп жыл бұрын тәркіленген контрабандалық жүк жарылған болуы мүмкін

Зерттеу нәтижесінде ғалымдар медициналық маска кию арқылы коронавирус жұқтыру қаупін 50 пайызға төмендетуге болатынын анықтады.

Сондай-ақ бұған дейін Жапонияның педиаторлар қауымдастығы екі жастан кіші балаларға маска кию қауіпті екенін ескерткен еді.

Мамандар кішкентай балалардың тыныс алу жолдары тар болатынын айтып, сондықтан да маска кию олардың тұншығуына әкеліп соқтыруы мүмкін екенін алға тартқан.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Израильдік зергерлер алтын мен гауһар тастан медициналық маска жасауда