RU

Мамин карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырды

Telegram logo VKontakte logo

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен үкіметтің селекторлық отырысы өтті. Онда үкімет басшысы мемлекеттік комиссияның қарауына карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Коронавирус статистикасы4

Көрнекі фото: NUR.KZ

Үкіметтің селекторлық отырысында эпидемияға қарсы іс-шараларды іске асыру барысы қаралды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 10 күн ішінде Қазақстанда коронавирус инфекциясының репродуктивтілігінің орташа көрсеткіші 0,92-ден 0,82-ге дейін төмендегенін баяндады.

Жазылып шыққан адамдардың үлесі 73,6%-ды құрайды, қалғандары қажетті ем алып жатыр.

Төсек орындарының жүктемесі 61%-ға, жедел жәрдем шақыру көлемі 62%-ға (3 232-ден 1 232-ге дейін) төмендеген.

"Жалпы алғанда, еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Нәтижелер қабылданған шаралардың тиімділігін көрсетіп жатыр", — дейді премьер-министр.

Отырыстың қортындысы бойынша Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссияның қарауына енгізуді тапсырды.

Еске сала кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте елімізде коронавирус өсімі тоқтағанын мәлімдеген болатын.

ковид321

Тағы да оқыңыздар

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмониядан 9 адам көз жұмды

ДСМ өкілінің сөзінше, республикада індетке қатысты жағдай тұрақты және жіті бақылауда. Қожахметов қазіргі карантиннің оң әсерін беріп жатқанын, ДСМ билікпен бірлесіп, ауру өсімін төмендетуді одан әрі жалғастыратынын атап өтті.

Сонымен қатар Қожахметов Қазақстанда коронавирустың тағы бір толқыны күтілетінін айта кетті.

Ресми өкіл коронавирустың "екінші толқыны" емес, "жаңа толқыны" деп атауды жөн көретінін айтады, өйткені "толқындардың реті болмайды".

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Мамин карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырды