RU

Жаңа үйге көшкен Тәуекел Мүсілім қоныс тойын атап өтті (фото, видео)

Telegram logo VKontakte logo

Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілім осы жылы көпшілік асыға күткен үйлену тойын дүркіреп атап өтпек болған. Алайда, пандемия салдарынан сүйіктісі екеуінің жоспары құрдымға кетті. Бірақ, дүбірлі шара өтпесе де, өнер иесінің отбасында басқа да қуанышты жағдайлар орын алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілім
Фото: Instagram/albina.shardarova

Тәуекел Мүсілім аса қызу дайындалғанда, үйлену тойы болмай қалғанына өкініп жүргенге ұқсамайды. Өнер иесі дүбірлі шара өткізе алмаса да, достарымен бас бас қосуға себеп тапқан.

Белгілі актер мен жары армандаған пәтерлерінде жөндеу жұмыстарының барлығын аяқтап, жаңа баспанасына көшіп кірген. Ерлі-зайыптылар бұл сәтті пайдалана отырып, шаңырағында алғашқылардың бірі болып отбасылық достарын қонақ етті.

Махаббат пен Тәуекелді баспаналы болғандарымен құттықтап барған жұлдыздар қатарында Бауыржан Сатов пен Альбина Шардарова, Айдос Мұқанов және тағы да басқалары бар.

Желіде тарап кеткен бейнежазбалар мен фотоларға қарап, шаңырақта Тәуекелдің ең жақын достары өз жұбайларымен бірге келгенін көруге болады. Оған қоса, кейбір кадрлардан актердің анасы мен әйелінің дастархан жайып, қонақтарды күтуге дайындалып жатқаны көрінеді.

Тағы да оқыңыздар

Нұр-Сұлтанда жасөспірімдер арасында жаппай төбелес орын алды (видео)

Желі қолданушылары жаппай жас жұбайларды қуанышты жаңалығымен құттықтап, өз ақ тілегін жаудырды.

"Құтты болсын. Той болмаса да, үйлі болдыңыздар. Оған да тәуба" , "Жақсы жаңалық екен. Бақытты болыңыздар. Осы үйде енді баланың дауысы шықсын" , "Үйлену тойды ойдағыдай өткізе алмағандарыңызға өкінбеңіздер. Енді міне баспаналы болып жаьырсыздар. Достарыңызбен атап жатырсыздар. Осы күнге де шүкір" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, Тәуекел Мүсілімнің жоспарлаған үйлену тойы жеті бөлімнен тұру керек болған.

Белгілі актер мен оның жары дүбірлі шараны 30 шілде күні өткізбек болған. Бірақ, шектеу шаралары салдарынан олар тойын өткізуден бас тартуға мәжбүр болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Жаңа үйге көшкен Тәуекел Мүсілім қоныс тойын атап өтті (фото, видео)