RU

"Кабинетке кірсем, ішкиіммен отыр": Есікте бір топ медбике басшының үстінен арызданды

Telegram logo VKontakte logo

Алматы облысының Есік қаласындағы ақыл-есі кем науқастарға арналған орталықтың қызметкерлері мекеме директорының ерсі әрекетін айтып, шағымданды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

аурухана

Көрнекі фото: pexels.com

Директодың үстінен шағымданушылардың бірі орталықтың медбикесі Эльмира Асқарова. Айтуынша, бастығы кабинетіне шақырып, бірге ішуді ұсынған.

"Кабинетіне шақырып: "Кел, ішіп қояйық" деді. Мазақ қылды. "Ұлттық асханада боласың ба?" деп. Мен үйде емеспін. Неге жасап алып келу керекпін? Жыладым да, кабинетінен шығып кеттім. "Тоқташы" деді. "Бір айналып жіберші" деді. "Фигураңды көрейін" дегендей. Тікелей басшыма барып, жыладым", - дейді Эльмира Асқарова.

Медбикелердің сөзінше, басшы әсіресе ажырасқан немесе күйеуі қайтыс болған жалғызбасты келіншектерге тисетін көрінеді.

"Кабинетке кірсем, іш-киіммен отыр. "Енді не істейміз? Бастаймыз ба?" - деді. "Нені?" дедім. Ол бірақ бой бермей, шашымнан ұстап бас салды. Есін білмейтін мас. Итеріп жіберіп, алды-артыма қарамай қаштым. Сосын жылап, әріптестеріме айттым. Бұл барып тұрған бассыздық қой!", - дейді медбике Айнұр Керімова.
Getty Images

Тағы да оқыңыздар

"Анамды қаппен жерледік": ақтөбелік тұрғын сұмдық жағдайды жайып салды

Есік қаласындағы "Аманат" арнаулы қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мекемеге жаңа басшы ақпан айында келгенін жеткізді. Олар содан бері маза кетті деп отыр.

Қызметкерлер күшейтілген карантин кезінде артығымен жұмыс істегендерін, онысымен қоймай айлықтың қысқарғанын айтады.

"Біздің айлығымыз ай сайын төмендеп бара жатыр. Бухалтерияға барсақ, "Бедный месяц" дейді. Сонда қалай, мемлекетте айлар "бедный", "богатый" болып бөліне ме? Айтқан сөзінде тұрмады. Бір айлық берем дегеніне. Кешкі сегізге бастық шақырды деп, Эльмира деген қыз жылап келгеніне өзім куәмін. Сол кезде мен сенімен барайын деп айттым. Жұмыстан шығарса, шығара берсін деп", - дейді бақылаушы-санитар Айдар Сәменов.

Медбикелер басшының бассыздығын айтып, бас прокуратура, еңбек инспекциясы мен жауапты министрлікке арыз жазғандарын жасырмады.

Айгүл Иманбаева

Тағы да оқыңыздар

Белгісіз ер азаматтың бетінен сүйіп тұрған Иманбаева желіде талқыға қалды (фото)

Ал бұндай айыптарға қатысты пікір білдірген орталықтың басшысы Марат Бекетаев қол астындағы қызметкерлер күшейтілген талапқа көнбей, негізсіз жала жауып отыр дейді.

"Бәрі жала. Бәрі өтірік. Мынаны екі-үш адам ұйымдастырып жасап отыр. Жұмысты талап еткен соң, мүмкін жаза бастады. Мен сотқа берейін деп жатырмын. Сот бәрін анықтайды. Қаржы полициясы бәрін тексеріді, сосын өздері шешім шығарады. Айлық туралы айтқандары да өтірік", - дейді аурухана директоры.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, елордада қызметінен босатылған бұрынғы полицей өз-өзіне қол жұмсаймын деп экс-әріптестерін дүрліктірген болатын.

Ал Қарағандыда ер адам әйелімен болған жанжалдан кейін өз-өзіне қол салатынын айтып, қорқытқан.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Кабинетке кірсем, ішкиіммен отыр": Есікте бір топ медбике басшының үстінен арызданды