RU

"Дәстүр үшін не істеді": Назарбек Оразбеков Бесбаевты мойындамайтынын жайып салды

Telegram logo VKontakte logo

Отандық шоу-бизнесте енді танылып келе жатқан Назарбек Оразбеков есімді әнші Мейрамбек Бесбаев туралы не ойлайтынын айтып тастады. "МузАРТ" мүшесі төрелік ететін "Жұлдызды жекпе-жек" жобасына қатысқан өнерпаз оны мойындамайтын көрінеді. Ол Бесбаевты тек "ескі адам" ретінде қабылдайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі Nursultan Qurman арнасына сілтеме жасап.

Назарбек Оразбеков
Фото: Видеодан кадр

Назарбек Оразбековтың айтуынша, Мейрамбек Бесбаевты халық тек дәстүрдің майталманы ретінде сыйлайды. Алайда, жас өнерпаз эстрада жұлдызы дәстүр үшін ештене істеген жоқ деп есептейді.

Ол "Жұлдызды жекпе-жек" жобасының модераторы туралы бар ойын ашық айтты. Әнші Бесбаевты мақтағысы келмейтінін жасырмады.

"Мейрамбекті негізі мақтағым да, айтқым да келмейді. Мен оларды жай ғана ескі адамдар деп қараймын. Шыны керек, халық оған дәстүрдің майталманы ретінде қарайды. Тоқтарларға, Мейрамбектерге солай қарайды. Бір сұрақ бар менде. Олар дәстүр үшін не істеді? Дәстүрдің майданында жүрген адамдар бар. Ержан Төлеутай деге секілді. Конкурс жайлы айтсам, жылда сол көрініс. Соңынан келіп, "әділ болмады, сен жеңуің керек еді" деп айтып жатады. Бірақ, олай айтудың еш қажеті жоқ. Мен оны баяғыда түсініп қойғам" , -деді Назарбек Оразбеков.
Айгүл Иманбаева

Тағы да оқыңыздар

Белгісіз ер азаматтың бетінен сүйіп тұрған Иманбаева желіде талқыға қалды (фото)

Айта кетейік, "Жұлдызды жекпе-жек" жобасында осыған дейін тағы да даулы мәселе туындаған болатын. Отандық танымал телепродюсер Ақылбек Досжанов түсірілім кезінде ашуға бой алдырып, әділ қазыларға ұрысып тастады.

B.A.S. Production басшысы Асқар Жүнісбековты танымаймыз деген Толқын Забирова мен Нұргүл Нұғымановаға шүйлігіп, оларға өз кеңесін берді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Дәстүр үшін не істеді": Назарбек Оразбеков Бесбаевты мойындамайтынын жайып салды