RU

Светлана Тихановская Белоруссиядан кетіп қалды

Telegram logo VKontakte logo

Беларусь президенттігіне үміткер болған Светлана Тихановская елден кетіп, Литваға барған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Светлана Тихоновская
Фото: @LinkeviciusL

Тихановскаяның Литваға келгені туралы ақпаратпен Литваның сыртқы істер министрі Линас Линкявичюс өзінің Twitter парақшасында бөлісті.

"Светлана Тихановская қауіпсіз жерде, ол Литвада", - деп жазды министр.

Еске сала кетейік, 9 тамызда Белоруссияда президенттік сайлау өтті.

Ұлттық экзитполдың ақпаратына жүгінсек, Александр Лукашенко 79,7%, Светлана Тихановская 6,8%, Анна Канопацкая 2,3%, Андрей Дмитриев 1,1%, Сергей Черечень 0,9% дауыс жинаған.

Сайлаушылардың 9,2%-і барлығына қарсы дауыс берген. Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытынды нәтижесін 14 тамыз, жұма күні шығаруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Беларусьтегі президент сайлауынан кейін жаппай наразылық акциялары басталғанын жазғанбыз. Минск көшелеріне ел тұрғындары жиналып, тәртіп сақшылары мен жергілікті халық арасында қақтығыс орын алды.

Осыдан кейін Лукашенконың басты қарсыласы Светлана Тихановская сайлау нәтижесінде өзінің жеңіске жеткенін айтып, билікті бейіт жолмен беруді талап етті.

Минскідегі шеру

Тағы да оқыңыздар

Минсктегі шеру кезінде тәртіп сақшысы халық жағына өтті (видео)

Сонымен қатар америкалық сенатор Джим Раш Александр Лукашенко демократиялық жолмен қайта сайланбаған болса отставкаға кетуі керек деген мәлімдеме жасады.

Джим Раш елдегі БАҚ жұмысы мен интернетті қайта іске қосып, зорлық-зомбылықты тоқтатуды талап еткен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Светлана Тихановская Белоруссиядан кетіп қалды