RU

Мінсіз мүсінді Дильназ Ахмадиева ерлер қауымын естен тандырды (фото)

Telegram logo VKontakte logo

Отандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева желіде мінсіз мүсінді суретін жариялап, көпшілікті таңдай қақтырды. Желідегілер 40 жасқа келген өнер иесінің дене бітіміне тамсанып, оны жақында ғана балалы болған келіншекке ұқсамайтынын айтуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дильназ Ахмадиева

Фото: Instagram/dilnaz_akhmadiyeva

Дильназ Ахмадиева желідегілердің қызу талқысына қалған фотосымен Instagram парақшасында бөліскен. Онда мінсіз мүсінді әншінің ақ көйлек киіп алғанын көруге болады.

Айта кетерлігі, өнер иесінің таңдаған киімі оның төсін аздап жалаңаштап тұрады. Алайда, көпшілік эстрада жұлдызының кеудесін емес, жалпы дене сымбатына тамсанған.

Олар жақында ғана алғаш рет ана атанып, ұлды болған арудың аз уақытта мінсіз мүсін шығарып алғанына қатты таңғалған. Ахмадиеваның жанкүйерлері аталмыш фотоның астына жарыса пікір қалдырып, оны мақтан тұтатындарын айтуда.

Сонымен қатар, кейбір жігіттер әншінің тұрмыстағы әйел екеніне қарамастан, оған өз сезімдерін білдіруден тайынбаған.

"Недеген әдемісіз" , "Табиғи сұлулық деп осыны айт" , "Сұлусыз өте қатты" , "Неткен фигура, жақында ана болды дегеніңізге сенбей тұрмын" , "Мінсіз мүсінді ару, көптеген қыздарға үлгісіз" , "Қалайша? Аз ғана өтті ғой. Тез арықтап алыпты. Тіпті танымай қалдым" , "Ана болу сізді жақсы жаққы өзгертіпті" , "Ғашық болдым, арманымдағы ару ғой" , - деп жазуда көпшілік.
pxhere.com

Тағы да оқыңыздар

Британиялық ару сырқатының салдарынан 10 жыл чипсы мен нан жеп келген

Айта кетейік, Дильназ Ахмадиева НТК арнасына берген сұхбатында өзінен алты жас кіші екінші жолдасымен қалай кездескенін айтты. Ол кезде өнер иесі әлі тұрмыста болған.

Оған қоса, ол кезінде отбасылы ер азаматтармен кездескенін мойындаған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Мінсіз мүсінді Дильназ Ахмадиева ерлер қауымын естен тандырды (фото)